This is an outdated version published on 2022-04-14. Read the most recent version.

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ ӘЛЕМІНДЕГІ КӨК БӨРІ – ТОТЕМДІК ЖЕБЕУШІ, ИДЕАЛЫҚ-КӨРКЕМДІК РУХ

Авторлар

  • Баян Абдуова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Ұлмекен Асанова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Алтынай Ашенова Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Кілт сөздер:

тотем, Бөрі, мәдени құндылықтар, ұлттық көзқарас, сабақтастық.

Аңдатпа

Ежелгі қазақтың жас ұрпаққа қалдырған асыл мұрасы, ең бірінші құндылықтарының бірі – шын мәнінде тіл. Тіл – алдыңғы ұрпақ болмысының куәсі. Тіл мен адам болмысы бірлікте қарастырылады, тіл құбылыстары дүниетаныммен, мәдениетпен, сонымен қатар ойлау жүйесімен ұштастыра зерттеледі. Рухани, мәдени болмыс тілде таныла отырып, өмірдегі бағыт-бағдарымызды анықтайды. Барлығымызға белгілі, мыңдаған жылдар бұрын адам табиғат апаттарымен күресте жеңгеннен гөрі жеңіліске ұшырады. Адамның нәсіл ретінде дамуы мен тілдің дамуы бірге қарастырылады. Оларды дүниетанымымен, мәдениетімен, ойлауымен бірлікте талдаймыз. Тылсымнан жапа шеккен адамдар, стихиялы, түрлі апаттар сан алуан наным-сенімдерді оятты, соларға сенді. Сонымен бірге қай наным бірінші болып, қай сенім соңғы қолданылғанын әлі білмейміз. Ескі дүниетанымнан туындаған наным-сенімдердің бірі – «Көк бөрі» (Көкбөрі) тотемі.Ежелгі заманнан бері әр түрлі халықтардың дәстүрлі наным-сенімінде қасқыр бейнесі үлкен орын алған. Орталық Азияның көшпелі халықтарының, әсіресе түркілердің дүниетанымында материалдық мәдениет ескерткіші ретінде үлкен орын алады.Көптеген деректерде, Ежелгі Жазбаларда қасқыр - хайуан далалық жыртқыш, жануар емес, аң. Сонымен қатар шетелдік, орыс ғалымдары, отандық зерттеушілер түрлі деректерге сүйене отырып, көне түркі тайпаларының тотемдік деңгейге жеткенін, оны киелі жануар ретінде бағалайтынын, кейбір элементтердің тұрмыстық заттарда кездесетінін жазады. Түркі халқына: қазақ, қырғыз, өзбек, әзірбайжан, түрік, ноғай, башқұрт, татар, алтай, қарақалпақ, ұйғыр, түрікмен, сақ, гагауз, мадияр, қарашай, т.б. Фольклорлық-мифологиялық желілер халықтың рухани дүниесін танытып, жалпыадамзаттық дүниетанымның көрінісі ретінде өскелең ұрпақтың санасында орныққан. Бұл мақалада қазақ халқының көк рух дауылы, «бөрі» тотемі, осы наным-сенімдердің қазіргі кезеңдегі пайда болуы мен сабақтастығы, көне түркілер мен қазақ халқының рухани сабақтастығы мен қазіргі заманның құндылықтарын жоғалтпай жаңғыруы талданады. Ұлттық мәдени құндылықтардың, ұстанымдарының өміршеңдігі мен түркілік рухтың ұрпақ санасына сіңірілуі қажеттігі туындап отыр.

Авторлар жайлы мәлімет

Баян Абдуова, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Филология ғылымдарының кандидаты, профессоры м.а.

Ұлмекен Асанова, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Педагогика ғылымдарының кандидаты, профессоры м.а.

Алтынай Ашенова, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Downloads

Жарияланды

2022-03-24 — Updated on 2022-04-14

Versions

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану