Editorial policy of the journal

Редакциялық саясаты

Журнал отандық зерттеушілермен қатар, жақын және алыс шетел ғалымдарының филология ғылымының өзекті ғылыми мақалаларын жариялауға бағытталған.

Журналдың міндеттері:

- филология бойынша зерттеу нәтижелерін ұсыну;

- тиісті білім салаларында жоғары ғылыми стандарттарды сақтау мақсатында жетекші ғалымдарды, мамандарды рецензиялау процесіне тарту;

- филология саласындағы әдіснамалық және теориялық әзірлемелер көрінісі;

- мақаланы редакциялық өңдеу кезеңін қысқартуға және журналға материалдарды берудің икемді кестесін қолдауға ұмтылу;

- қазақстандық ғалымдарды халықаралық ғылыми қоғамдастыққа кіріктіру;

- «ашық қолжетімділік» (Open access) ғылыми басылымы ретінде журналды дамыту;

- журналдың халықаралық деректер қорында және ашық электрондық ресурстарда болуын кеңейту;

- шетелдік оқырмандар үшін журналдың қолжетімділігін арттыру.

Тақырыптық бағыт: тіл білімі, әдебиеттану, тіл және әдебиетті оқыту әдістемесі).

Жарияланым тілдері: қазақ, орыс, ағылшын.

Мерзімділігі: жылына 4 рет.

Ашық қол жетімділік саясаты. Зерттеу нәтижелеріне ашық қолжетімділік жалпыға бірдей білімнің артуына ықпал етеді деген қағидаға сүйене отырып, журнал мақалалары барлық тілек білдірушілерге тікелей қол жетімді (мақалалар мұрағатына сілтеме: (https://ojs.egi.kz).

Мұрағаттау. Ғылыми журналдың электрондық нұсқалары қорды қалыптастыру және электрондық кітапханаға енгізу үшін «ҰMFTCO» АҚ-ға ұсынылады.

Жариялау шарттары. «А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтының Хабаршысы» ғылыми журналының редакциясына түскен қолжазбалардың барлығы міндетті түрде анонимді рецензиялаудан өтеді. Алынған шолулар негізінде журналдың редакциялық алқасы қорытынды шешім қабылдайды.

МАҚАЛАЛАРДЫ ҚАРАСТЫРУ ТӘРТІБІ

  1. Автор жіберген мақала журнал редакциясына түседі (қолжазбаның екі нұсқасы, оның бірінде авторлар туралы мәліметтер (аты-жөні, жұмыс орны, авторлар туралы мәліметтер болмауы керек). Ғылыми басылымдар және ғылыми метрикалық ресурстар басқармасының журналға жауапты маманы (редакциялық бөлім) - журнал менеджері қолжазбаның техникалық талаптарға сәйкестігін тексереді.
  2. Журнал менеджері плагиатқа арналған лицензиялық жүйесі арқылы мақаланы тексеруге жібереді (https://panel.strikeplagiarism.com). Мақаланы плагиатқа «com» (шекті мәндерінің шкаласын КП1-10% асса) одан әрі қарастыруға қабылданбайды. Журнал менеджері бұл туралы негізгі авторға/хат-хабар авторына хабар береді.
  3. Журнал менеджері түпнұсқалықтың қажетті межесінен өткен мақаланы бас редакторға, бағыт бойынша жауапты редакторға жібереді. Бас редактор және жауапты редактор бағыт бойынша мақаланың журнал тақырыбына сәйкес келуін қарастырады. Мақала сәйкес келмеген жағдайда, редакция авторға жариялаудан бас тарту негіздемесімен бірге хат жолдайды. Орта есеппен, мақаланы бастапқы қарау уақыты 3 аптаны құрайды.
  4. Бас редактор немесе жауапты редактор бастапқы іріктеуден өткен әрбір мақалаға ғалым немесе тиісті тақырып бойынша маман рецензентті тағайындайды.
  5. Журнал менеджері журналда мақала жариялау мүмкіндігін анықтау үшін рецензентке плагиатқа тексеру туралы толық есеппен бірге мақаланы жібереді.
  6. Журналда «жабық» рецензиялау әдісі қолданылады, онда редакция авторлар мен рецензенттердің есімдерін құпия сақтайды. Рецензент журнал редакциясына зерттелетін тақырыптың өзектілігін, автордың ғылыми салаға қосқан үлесін, алынған нәтижелердің деңгейін қамтитын мақала бойынша негізделген рецензияны ұсынады. Барлық рецензиялар мақаланы жариялауға ұсыну (түзетуге жіберілген немесе өзгеріссіз) немесе оның қайтарылуы туралы толық ақпаратқа ие.
  7. Рецензияны қайта қарау үшін алған жағдайда автор мүмкіндігінше қысқа мерзімде мақаланың түзетілген нұсқасын ұсынуы қажет. Бұдан кейін мақаланың жөнделген/түзетілген нұсқасы рецензентке қайта қарастыруға жіберіледі. Қарастыру мақала бойынша рецензенттің соңғы шешімін алғанға дейін жалғасады. Рецензенттің ескертулерімен келісіп, бірақ оларды түзетуге ниет білдірмеген жағдайда (ескертулерді толық жоймай мақаланы үшінші рет ұсынғаннан кейін) мақала қабылданбайды. Рецензенттің ескертулерімен келіспеген жағдайда автор/авторлар журналдың бас редакторына негіздемеге сүйенген хат жібереді. Бас редактор автордың/авторлардың өтінішін қарастыра отырып, шешім қабылдайды.
  8. Мақала бойынша редакциялық алқаның барлық рецензиялары мен шешімдері мақала жіберу барысында метадеректерде көрсетілген негізгі авторға (немесе хат-хабар авторына) жіберіледі. Мақала бойынша барлық материалдар (мақаланың соңғы нұсқасы, рецензиялар, плагиат бойынша есеп және олар болған жағдайда басқа құжаттар) редакция алқасының отырысына жолданады. Журналда мақаланы жариялау мүмкіндігі туралы шешімді рецензенттердің пікірлері негізінде журналдың редакция алқасы қабылдайды. Редакция алқасынан теріс пікір алған немесе қайтарылған мақалалар қайта қарастыруға қабылданбайды. Мақалалар бойынша даулы мәселелер туындаған жағдайда түпкілікті шешімді журналдың бас редакторы қабылдайды. Орташа есеппен жариялау туралы шешім 8 ай көлемінде қабылданады.
  9. Жариялау материалдың дайындығына қарай жалпы кезек тәртібімен жүзеге асырылады. Редакция дайындалып жатқан шығарылымдардың айдарларына сәйкес кезек ретін қалыптастыруға құқылы.
  10. Шығарылымның мазмұнын анықтағаннан кейін менеджер мақалалардың мәтіндерін (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) түзету және журналды беттеу жұмыстарын ұйымдастырады.

Авторларға арналған нұсқаулық

«Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы»  материалдарды жариялау Open Journal System сайты арқылы жүзеге асырылады.

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ

АВТОРЛАРҒА ЕСКЕРТУ! Плагиаттан өтпеген мақалаларды түзеп қайтадан жіберуге болмайды.

Редакция бұрын басқа басылымдарда жарияланбаған мақалаларды қабылдайды. Мақалалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады.

Мақалада авторлар саны үштен аспауы тиіс.

Қаріп - Palatino Linotype, қаріп өлшемі көлемі - 12, интервал - бір. Жиегі – 2 см.

  • Мақаланың көлемі тақырыбы, авторлары туралы мәліметтерді, аңдатпа, түйін сөздерді, библиографиялық тізімді қоспағанда, негізгі мәтін 2000-3500сөзден тұруы керек (мақала авторларының саны үштен асппауы қажет).
  • Мақала бағыты мен тілі бойынша ХҒТАР / МРНТИ / IRSTI (Халықаралық ғылыми-техникалық ақпарат айдары, келесі сілтеме арқылы http://grnti.ru/) нөмірi және әр автордың Orсid ID нөмірі қойылуы керек.
  • Авторлар аты-жөні мен тегі, ұйымның толық атауы, қаласы, мемлекет, автордың(лардың) е-mail, мақаланың тақырыбы, аңдатпа, түйін сөздер жазылады.
  • Мақала мәтіні тіліндегі аңдатпа, түйін сөздер– қазақ тіліндегі мәтін үшін орысша және ағылшынша, орыс тіліндегі мәтін үшін қазақша және ағылшынша, ағылшын тіліндегі мәтіндер үшін қазақша және орысша беріледі. Аңдатпа үш тілде 300 сөзден аспауы керек. Аңдатпада зерттеу мақаласының қысқаша мазмұны және оқырманға мақаланың мәнін тез түсінуге көмектесу үшін қолданылады. Аңдатпа мақаланың дербес бөлігі бола отырып, түсінікті етіп жазылуы керек. Онда көлемді формулалардың болмауы, мазмұны бойынша мақала атауын қайталамауы, жұмыс мәтіні мен әдебиеттер тізіміне сілтемелер болмауы тиіс, мақаланың қысқаша мазмұны, оның ерекшеліктерін көрсетіп, мақаланың құрылымын сақтауы тиіс. Аңдатпа оқырманды мақаланы толығымен оқуға ынталандыруы керек. Аңдатпа құрылымы зерттеу объектісін сипаттаудан басталып, мәселелерді және қолданылған әдістерді, көрнекті нәтижелерді және олардың маңыздылығын баяндау керек. Қажет болған жағдайда белгіленген терминологияны пайдалану керек.
  • Түйін сөздер мақаланың негізгі мазмұнын көрсетуі; зерттеудің пәндік саласын анықтауы; мақала мәтінінде кездесуі тиіс сөздер. Түйін сөздер бір-бірінен үтір арқылы ажыратылады. Түйін сөздер 5-8сөзден кем емес.
  • Мақала мәтіні келесі ретпен ұсынылуы керек: Кіріспе – Әдістеме және зерттеу әдістері – Талқылау мен бақылау – Нәтижелер – Қорытынды.
  • Журналдың автор/авторлары тақырыптарға сәйкес келесі ережелерді ұстануы керек.

- Мақала тақырыбы бойынша нәтижелер қашан және қайдан алынғанына сәйкес толық сілтемелермен мәселені тұжырымдау туралы тарихи ақпарат;

- Кез келген ғылыми жұмыстың ең маңызды бөлігі ретінде мақаланың міндетін анықтау қажеттілігі мен өзектілігін негіздеу;

- Мақалада келтірілген мәселенің шешімін нақты тұжырымдау және сипаттау;

- Мақала нәтижесі (нәтижелері) жаңалығының толық негіздемесі;

- Ұсынылған нәтижелер толық негіздемелермен қамтамасыз етілуі керек.

  • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 10-15атаудан кем емес. Қазақ тіліндегі мәтінді кириллицадан латын қарпіне көшіруді https://qazlat.kz сайтында жасауға болады. Орыс тіліндегі мәтінді латын қарпіне көшіруді http://www.translit.ru сайтында жасауға болады.
  • Келтірілген дереккөздердің сапасы мен саны мақаланың өзектілігін көрсетеді. Сондықтан авторларға келесі нұсқауларды орындау ұсынылады: барлық сілтемелерде ағылшын тілінде библиографиялық деректер болуы керек; мүмкіндігінше сілтемелердің Ғылыми еңбектің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынатын ғылыми басылымдар тізбесі, Scopus немесе Web of Science базаларында индекстелуі тиіс;
  • Интернет сайтқа сілтеме берген жағдайда авторы, тақырыбы сайт көрсетіледі.
  • Иллюстрациялар (кестелер, сызбалар, диаграммалар) компьютерде немесе анық сызба түрінде (сиямен) А4 форматындағы жеке парақта орындалуы тиіс. Сурет нөмірі қағаз тасымалдағыштың екінші жағына қойылады, жиегіне оның орналасқан орны белгіленеді.
  • Әдеби дереккөздерге түсіндірмелер мен сілтемелер нөмірленіп, дәйексөзден соң шаршы жақша ішінде дереккөздің рет нөмірі, үтірден соң беті көрсетіліп беріледі. Жолма-жол сілтеме беру үлгісі: [6, 35].
  • Жарияланатын мақалаға редакция тарапынан DOI цифрлық нысан идентификаторы беріледі.
  • Талаптардың бірі сақталмаған жағдайда мақала қарастыруға қабылданбайды.

 

Әдебиеттер тізімін рәсімдеу мысалдары (ГОСТ 7.1-2003 «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Құрастырудың жалпы талаптары мен ережелері»):

Кітапты рәсімдеу:

1) Сабыр М. Көне қыпшақ тілі мен қазақ тілінің фоно-морфо-семантикалық сабақтастығы. – Алматы: Liber, 2021. – 464 б.

Журнал мақалаларын рәсімдеу:

2) Abylova,  G.E.,  Aripzhan,  G.Zh.  The  concept  of  time  in  the  ancient  Turkic written monuments // Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы. №3. –2023. –Б. 7-19. DOI: https://doi.org/10.55808/1999-4214.2023-3.01

Газет мақалаларын рәсімдеу:

1) Дауренбекова Л.Н. М.Әуезовтің «Көк қасқыр» әңгімесінің аудармасы табылды // Егемен Қазақстан. № 63 (30792). – 2024. – Б. 13.

Журнал мақалаларын рәсімдеу (ағылшын тілінде):

1) Alimbayev A.E., Daurenbekova L.N., Kemenger K.R.,  Imanberdiyeva S.K., Bashirov N.K. The Idea of Eternal Country in the First Epic Poemsof the Turkic People  //  Rupkatha  Journal  on  Interdisciplinary  Studies  in  Humanitiesthis  link  is disabled, 2020,12 (4), pp. 1-11. DOI: https://dx.doi.org/10.21659/rupkatha. v12n4.29.

Интернет ресурстарды рәсімдеу:

  1. Постмодернизм және біз. URL: https://adebiportal.kz/kz/news/view/ postmodernizm-zane-biz22858 (қаралды: 17.12.2023).
  2. Дулатов М. Алты томдық шығармалар жинағы. 1921. // URL: https://adebiportal.kz/web/viewer.php?file=/upload/iblock/74e/74e0db2c0baa13197214063aa74c23af.pdf&ln=kz1 (қаралды: 23.11.2023).