ТЕЛЕХАБАРЛАР ТІЛІНІҢ ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ

Авторлар

  • Динара Бисмильдина С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университет
  • Гульмира Камиева Astana IT University
  • Айгуль Сандыбаева Еуразия гуманитарлық институы

Кілт сөздер:

Қазақ тіл білімі, стилистика, телехабар тілі, тележурналистика, бұқаралық ақпарат құралдары

Аңдатпа

Мақалада қазақ тіліндегі ресми телебағдарламалардың лингвистикалық-стилистикалық бағытта зерттелу тарихы қарастырылған. Авторлар қазақ тіл біліміндегі телехабарлар тілі бойынша зерттеулердің тарихына шолу жасайды.

Телехабарлар – синтезделген өнер туындысы, оның ақпаратты тарату құралдары: тіл – ақпарат таратудың басты құралы, бейнематериал – телеақпарат таратудың негізгі ерекшелігі және дыбыс-ақпарат – көмекші әсер ету құралы.

Тележаңалықтар тілі – диалогтік, дискурстық сипатқа негізделген    монологтік типтегі екіжақты үдеріс, бұқаралық қатынастың ресми түрде салқынқанды дауыспен айтылатын ерекше түрі. 

Телехабарлар тілінде қолданылатын әр алуан әдеби лексикалық бірліктер қабылдаушы топтың лексикасына әсер етіп, тілдік сипатын қалыптастырады, олардың сөздік қоры мен құрамын толықтырады.

Қорытынды жаңалықтар – ұжымдық өнім, оның субъектілері – күрделі коммуникативтік тұлғалар.

Телехабарлар тіліне әсер ететін кейбір экстралингвистикалық факторларды ескеруден туындаған тілдік қалыптар телехабарлар тілінің ақпарат таратудағы ерекшелігі болып табылады.  

Бұқаралық ақпарат адресатқа әртүрлі жанрлық формада жеткізіледі. Дәстүрлі журналистік жанрдың үш түрі бар: аналитикалық, ақпараттық және көркем-публицистикалық. Қорытынды жаңалықтар соның ақпараттық жанрына жатады.

Телехабарлар – электронды бұқаралық ақпарат құралдарының ерекше өнімі. Оның БАҚ-тың өзге түрлерінен негізгі ерекшелігі мынада: телехабарларды көруге (визуалды), тыңдауға (аудиалды) болады, осылайша ақпараттың аса маңыздыларын жылдам алуға мүмкіндік туады және ол көп уақытқа дейін адамның есінде сақталады. Мұнда газет пен радионың негізгі ерекшеліктері бір жерге жинақталып берілген.

Қорытынды жаңалықтардағы тілдік қарым-қатынас публицистикалық дискурстың әмбебап түріне жатады, ол бұқаралық қатынас тілі деп аталады. Мұндағы тілдік қарым-қатынас ауызша түрде, ресми сипатта, монологтік типте, диалогтік сипатта, қоғамдық, бұқаралық, коммуникативтік сипатта болады.    

Авторлар жайлы мәлімет

Динара Бисмильдина, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университет

– филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

Гульмира Камиева, Astana IT University

– педагогика ғылымының кандидаты, қауымдастырылған профессоры

Айгуль Сандыбаева, Еуразия гуманитарлық институы

– педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы

Downloads

Жарияланды

2023-01-06

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі