АБАЙТАНУ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ

Авторлар

  • Гульнур Курмангалиева С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
  • Айжан Картаева С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

Кілт сөздер:

абайтану, абайтану тарихы, ғылыми еңбек, зерттеу, мақала, монография, ғылыми өмірбаян.

Аңдатпа

Мақалада қазақ әдебиеттану  ғылымының  іргелі  саласының   бірі – абайтану ғылымының қалыптасу тарихы сөз болады. Абайтану тарихының  қалыптасу процесі  мен зерттелу  тарихына шолу жасала отырып, Абай  мұрасын әр жылдары танытып зерттеген ғылыми еңбектер талданып  қарастырылады. Негізгі бөлімде Абайды тану  тарихы, жалпы  ақын  мұрасының  зерттелу  жайы  қысқаша  талдана отырып, көптеген  ғылыми құнды, тарихи деректер сарапталып көрсетіледі.  Абайтану тарихын зерттеуші ғалымдар еңбегі арқылы ақынның болмысы мен азаматтық тұлғасы айқындалады. Зерттеуші ғалымдардың зерттеу  еңбектері мен монографияларындағы тың ізденістерін зерделей келе,  қазіргі  абайтану пәнінің  маңызы, тиімділігі көрсетіледі.  Абай  мұрасы туралы  деректердің ғылыми-зерттеу  дәрежесі  артып  отырған  қазіргі кезде абайтанудың зерттелу тарихы  мен қалыптасу  кезеңдері сараланып беріледі. Абайтану ісін ғылыми жүйеге түсірген М.Әуезовтен бастап, бұл салада Ы.Мұстамбайұлы, Қ.Жұбановтың, Б.Кенжебаевтың, Қ.Жұмалиевтің, З.Ахметовтің, Қ.Мұхамедхановтың, М.Мырзахметұлының тағы басқа ғалымдардың еңбектерін негізге ала отырып,  абайтанудың қалыптасу тарихына көз жіберіп, тәуелсіздік кезеңіндегі еңбектерге жаңа қырынан талдау қажет екенін ұсынады.

Авторлар жайлы мәлімет

Гульнур Курмангалиева, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

- PhD докторант

Айжан Картаева, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

– филология ғылымдарының докторы, профессор

Downloads

Жарияланды

2023-01-06

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану