ТҮРКІ ХАЛЫҚТАР ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ДИД ТҮРКІ ХАЛЫҚТАР ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ ДИДАКТИКАЛЫҚ САРЫН

Авторлар

  • Сауле Омарова Астана Халықаралық университеті

Кілт сөздер:

Кілт сөздер:отансүйгіштік, мейірімділік, мейірімділік, шыншылдық, әділеттілік, адалдық, дидактикалық сарын, поэзия.

Аңдатпа

Аңдатпа. Мақалада түркі халықтар әдебиетінің ұлы ойшылдары Н.Ганжауи, Ә.Науаи, А.Құнанбайұлының шығармаларындағы дидактикалық сарындар қарастырылған. Ақындардың оқуға, жан-жақты білім алу және ақыл-ойды дамыту, адамгершілік қасиеттерді бойға сіңіру мәселелері салыстырыла отырып, талданады. Қоғамды жас ұрпақты еңбексүйгіштік, гуманизм, отансүйгіштік, мейірімділік, шыншылдық, әділдік, адалдық сияқты адамгершілік қасиеттермен тәрбиелеуге бағытталған ғибратты ғазалдары, философиялық ойлары айқындалады.Дидактикалық жанрға жататын ғылыми, философиялық, моральдық, діни идеяларды және уағыз, ғибрат ойларды білдіретін шығармаларда  көркем сурет пен бейнелеуден гөрі байлам, пікір, тұжырым, өсиет, уағыз, насихат басым болатындығына назар аударылады.Сондай-ақ, азірбайжан, өзбек халқының мемлекет қайраткері, әрі кемеңгер ойшылдары Н.Ганжауи мен Ә.Науаиді қазақ поэзиясының шыңы, данышпан ақын Абай Құнанбаев өзіне ұстаз ретінде танып, олардың інжу-маржандарынан рухани нәр алғандығы айтылады. Қазақ әдебиетінде Абайдың «Қарасөздері» мен поэмалары шығыстық дидактикалық шығармалардың дәстүрлі жалғасы екендігі мысалдармен дәлелденеді.

Кілт сөздер:отансүйгіштік, мейірімділік, мейірімділік, шыншылдық, әділеттілік, адалдық, дидактикалық сарын, поэзия.

Автор жайлы мәлімет

Сауле Омарова, Астана Халықаралық университеті

Педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы

Downloads

Жарияланды

2022-03-24 — Updated on 2022-05-04

Versions

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану