АБАЙДЫҢ «МАСҒҰТ» ПОЭМАСЫНДАҒЫ МОТИВТЕРДІҢ МИФТІК НЕГІЗІ ЖӘНЕ ПОЭТИКАЛЫҚ МӘНІ

Авторлар

  • Жанат Аймұхамбет Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2023-1.12

Кілт сөздер:

поэма, мотив, алма, символ, деталь, түс көру, поэтика

Аңдатпа

Мақалада Абайдың «Масғұт» поэмасы мифопоэтикалық аспектіде қарастырылады. Аталмыш поэмадағы негізгі  мифтік мотив ретінде алманы сыйға алудың мән-мағынасы жан-жақты талданды. Зерттеу барысында әлем мифологиясындағы және қазақ фольклорындағы алмаға қатысты мотивтер жинақталып,  өзара салыстырылады. Сөйтіп ұлы Абай поэмасына желі етіп алған мотивтің мәні назарға алынады.

          «Масғұт» поэмасына арқау болған мифтік мотивтердің тағы бірі – түс көру арқылы аян алу.

          Ақын көне дәуірлерге тән мотивтерді негіз ете отырып, таным өзегіндегі символдарға мән береді. Сол символдық детальдарды өзінің суреткерлік мұратын танытуда нысан етіп алады.

          Алмаға қатысты барынша танымал мотивтер қатарында жұмақ жемісін, Гесперида бағы, Аваллон аралы сияқты мекендерде өсетін ерекше алмаларды айтуға болады. Зерттеуші ғалымдар «алма» атауы көптеген мотивтерде «жеміс» деген атаумен берілетінін айта отырып, оның екі жақтылық сипатына мән береді. Махаббат пен білімнің, жастық пен сұлулықтың символы ретінде көрінетін алма екінші жағынан араздық, бақытсыздық, азғыру, зұлымдық сияқты ұнамсыз әрекеттер мен жаманшылықтың да нышаны болып келеді. Абай поэмасында алма үш түспен сипатталады да, бас кейіпкер таңдаған қызыл түсті алманың өз ерекшелігі бар екендігі айтылады.

            Поэмадағы тағы бір мотив – түс көру. Түс көру арқылы алда болатын оқиға аян етіледі. Абайдың көркемдік танымында аталған мотивтер адамзаттық мәңгі мұраттар мен гуманизмді, қоғамдық құлықты астарлап суреттеуімен маңызды. Мақалада негізгі тұжырымдар осы тұрғыда жасалған.

Автор жайлы мәлімет

Жанат Аймұхамбет, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– филология ғылымдарының докторы, профессор

Downloads

Жарияланды

2023-04-15

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану