ЖАЗУШЫ ЕҢБЕГІ: ЖАҢАШЫЛ БАҒЫТ ПЕН КӨРКЕМДІК ӨРІС (Қаламгер Дүкенбай Досжан туындылары туралы)

Авторлар

  • Рақымжан Тұрысбек Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • *Сунхарбек Батан А.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2023-1.22

Кілт сөздер:

автор, тақырып, жанр, көркемдік, тіл, стиль.

Аңдатпа

Мақалада жазушы Дүкенбай Досжанның өмірі мен шығармашылығы, ондағы тақырыптық ерекшелік, жанр жүйесі мен көркемдік өрнектері кең түрде сөз етіледі. Әсіресе, жазушы қаламынан туындаған – «Отырар», «Фараби», «Жібек жолы», «Зауал», «Дария», «Жолбарыстың сүрлеуі», «Абай айнасы», «Мұхтар жолы», «Алыптың азабы», «Ақ Орда» т.т. туындыларында қоғам және адам, заман және өмір, тағдыр талқысы мен тұрмыс көріністеріне кең орын беріледі. Қоғамдық-саяси өмір, ел-жер жағдайы, адаммен оның мұраттары, дәстүр мен тарих тағылымы, тәлім-тәрбие арналары да байыпты баяндалады. Сондай-ақ, аталған туындыларда – Көне Тұран,  қарт Қаратау, Ұлы Жібек жолы, Ежелгі Тараз, Баласағұн, Мерке, Отырар, Сайрам т.т. қыр-сыры, ел-жер мәні, өмір-дүние жайы, адам мұраты мен еңбегі, тарих мен тағдыр талқысы жан-жақты көрініс береді. Дүкенбай Досжан туындыларында тарихнамалық сипат, шежірелік белгі-ерекшеліктер, ұлттық-этнографиялық нышандар, кеше мен бүгін байланысы айқын көрінеді. Автор арғы-бергі тарихты, өмір-уақыт тынысын, тұғырлы тұлғалардың тағдыр-талайын тарата сөз еткен тұстарда елдік мұратты, халық өмірін, туған жер тағдырын, еңбек адамдарының тыныс-тірліктерін негізгі назарда ұстайды. Маңыздысы, жазушы еңбегі мен көркемдік құбылыс мәні, көзқарас пен қолтаңба мәнері, автор ұстанымы, адам мұраты, еңбек тәлімі, дәстүр мен дүниетаным тағылымы, дін мен діл, тарих пен таным арналары, тіл мен стиль сипаттары жан-жақты ашылады.

Авторлар жайлы мәлімет

Рақымжан Тұрысбек, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– филология ғылымдарының докторы, профессор

*Сунхарбек Батан, А.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

- педагогика ғылымдарының магистрі, аға оқытушы

Downloads

Жарияланды

2023-04-15

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану