ЗЕЙНОЛЛА СӘНІК ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ «ТҰҒЫРЫЛ ХАН» БЕЙНЕСІ

Авторлар

  • *Жазира Кокбас М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
  • Карлыгаш Курмамбаева Шәкәрім атындағы университеті

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2023-1.18

Кілт сөздер:

Тұғырыл хан, Шыңғыс хан, тарихи туынды, көркемдік шешім, бейне.

Аңдатпа

Аңдатпа. Әдебиет айдынына келіп қосылған жазушылардың бірі – фольклоршы, этнограф Зейнолла  Сәнік. Қаламгер саналы ғұмырын Қытай халық республикасында өткізседе, қазақтың төл әдебиетін жинап-зерттеуді ешқашан тоқтатқан емес. Қазақ тарихына қатысты ұлттық рухани мұраларымызды да кездескен жерінен тауып алып, жинап отырған. Қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерін, салт-дәстүрлеріміз бен музыкатануға қатысты да көптеген зерттеулер жүргізген.  Зейнолла Сәнік қаламынан туған қай шығармасын алсақ та оның шығармаларының астарынан ұлттың тұтастығы, халықтың бірлігі, елдің татулығы байқалып тұрады. Мақалаға арқау болған тарихи туындысы «Тұғырыл хан». Шығарма тарихтың алтын арқауынан ұзын сонар уақыттың алмағайып кезеңінен сыр шертеді. Қазақ сахарасындағы Шыңғыс ханның өсіп, жетілуінен бастап өмірінің соңына дейінгі кезең «Тұғырыл хан» шығармасында суреттеледі. Тарихи тақырыптағы шығармалардың шеңбері кеңейіп келе жатқанының тағы бір дәлелі іспетті. «Тұғырыл хан» шығармасын талдау барысында  тәуелсіздік, тыныштық, ерлік өмір жолындағы күрестерін, ерліктері мен өкініштерін көрсеттік. Шығарма құрылымындағы батырлық-ерлік танымның артықшылықтары мен батырлардың ерлік бейнелеріндегі тұрақты көрінісі назарға алынып, Шыңғыс хан мен Тұғырыл ханның образдары өзара салыстыру нәтижесінде салмақты тұжырым жасалды.

Авторлар жайлы мәлімет

*Жазира Кокбас, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті

филология магистрі, аға оқытушы

Карлыгаш Курмамбаева , Шәкәрім атындағы университеті

– филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

Downloads

Жарияланды

2023-04-15

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану