ХАЛЫҚТЫҚ ТОПОНИМДЕРДЕГІ АҚ ЖӘНЕ ҚАРА ТҮСТЕРДІҢ МӘДЕНИ ТІЛДІК СЕМАНТИКАСЫ

Авторлар

  • *Кыздархан Рысберген Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
  • Нұргелді Уәли А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2023-1.10

Кілт сөздер:

топоним, түр-түс атаулары, халықтық рационалды білімдер, тілдік матрица, мәдени семантика, мәдени код.

Аңдатпа

Аңдатпа.   Мақалада халықтық таным жүйесінде репрезенттелген құрамында ақ, қара түр-түс атаулары бар жер-су атауларына талдау жасалды. Ол білімдердің рационалды және иррационалды типтерін айырамыз. Рационалды білімдер көшпелі қоғамның қоршаған ортаны игерудегі экономикалық және практикалық өмірінің әртүрлі аспектілерін, алуан түрлі мәдени семантикаға бай эмпирикалық ақпараттарды қамтиды.   Бұл білімдер түрінде жер-су атаулары семантикасында шоғырланған қоршаған ақиқат дүние туралы, көшпелілердің  тұрмыс-тіршілігімен, шаруашылық және практикалық өміріне қатысты қазіргі лингвомәдени қоғамға «жасырын», кодқа салынған ақпараттар бар.  Білімнің иррационалды типінде халықтық географиялық атаулардың лингвистикалық матрицасында, мәдени семантикасында бейнеленген көшпелі қазақ этносының құндылықтар жүйесі, стереотиптері, рухани, моральдық-этикалық нормалары шоғырланған. Халықтық білімнің иррационалды түрі этносемантикасы тереңде жатқан мифологиялық, эзотерикалық, анимистік, діни түсініктерді, әдет-ғұрыптар мен халықтық наным-сенімдерді бейнелейді.

Топонимдер семантикасындағы сол мәдени ақпараттар мен білімдерді  тіл тұтынушыларына, жас ұрпаққа қолжетімді ету қажеттілігі туындап отыр.  Сондай ақ тақырыптың өзектілігі тілдің, тілдегі атаулардың  кумулятивтік әлеуетін арттыру қажеттілігімен де байланысты. Уақыт озған сайын халық ұжымдық жадында өшіріле береді. Ал жер-су атауларының тілдік матрицасында аса құнды халықтың этноэкологиялық, этноботаникалық танымдары көрініс табады. Сондықтан мақалада жер-су атауларының әдеттегі лексика-семантикалық, сөзжасамдық, этимологиялық ерекшеліктері емес, олардың мазмұнындағы этникалық мәдениетпен байланысты мәдени-тілдік семантикасы қарастырылады.  Мақалада құрамында ақ, қара сын есімдері бар жер-су атауларының топологиялық сипатын айқындайтын әдіс және топонимнің терең семантикалық құрылымындағы этномәдени компонентті айқындауға мүмкіндік беретін тілдік матрица әдісі қолданылды.

 

Авторлар жайлы мәлімет

*Кыздархан Рысберген, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

филология ғылымдарының докторы, профессор

Нұргелді Уәли, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты

филология ғылымдарының докторы, профессор

Downloads

Жарияланды

2023-04-15

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі