БАЛА ТІЛІНІҢ ЛЕКСИКАЛЫҚ НОРМАДАН АУЫТҚУ ДИНАМИКАСЫН ЗЕРТТЕУ: ӘЛЕУМЕТТІК ЛИНГИВИСТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2024-2.20

Кілт сөздер:

нормадан ауытқу, әлеуметтік фактор, лексикалық норма, гаджет, смартфондардың зияны.

Аңдатпа

Зерттеу жұмысында Қазақстан бойынша 360 респонденттен әлеуметтік сауалнама алу негізінде бала тіліндегі лексикалық нормадан ауытқу динамикасы қарастырылады. Әртүрлі демографиялық және географиялық аймақтарда жүргізілген сауалнама нәтижесі тілдегі лексикалық ауытқуларға әсер ететін түрлі әлеуметтік факторлардың, соның ішінде балалардың гаджеттерге тәуелділік көрсеткішінің жиілігін көруге мүмкіндік береді. Ана тілінің (қазақ тілінің) негізін қалыптастырудағы ата-ананың рөлі айқындалып, бала тілінің лексикалық нормаға сай сөйлей алу қабілетіне әсер ететін ортасы, достары, мектеп, әсіресе гаджеттердің ықпалы бар екендігі дәйектеледі. Зерттеу барысында әлеуметтік сауалнама әдісі қолданылып, респонденттерге ашық сұрақтар берілді. Сауалнама тек қана қазақ тілінде әзірленіп, Қазақстанның барлық өңіріне таратылды. Респонденттердің қосымша жауап беру мүмкіндіктері қарастырылды. Сауалнаманы жүргізу, мәліметтер жинау мерзімі 2 айдан аса уақытта жүзеге асырылды. Нәтижесінде гаджеттердің бала тілінің дамуына оң және теріс әсерлері талданып, тілдік- мәдени, қоғамдық жұмыстардың жүзеге асырылу керектігі жөнінде ұсыныс айтылды. Сауалнама нәтижелеріне сүйене отырып, қазіргі уақытта бала тілінің даму динамикасы тілдік нормаға сай кодталмағандығын және қазақ тілінің (ана тілінің) бұрмалауға ұшырағанын көруге болады. Қорытындыда бала тіліндегі нормадан ауытқушылықтың алдын алуда, тіл үйретуде түрлі гаджеттер мен смартфондарды дұрыс қолданудың тиімді стратегияларын әзірлеу қажеттілігі ұсынылды.

Авторлар жайлы мәлімет

*Лира Ибраймова, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

– филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған. профессор. м.а.,

Дидар Рысқұлбек, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

– философия докторы (PhD), аға оқытушы

Перизат Ертаева, Нигде Өмер Халисдемир университеті

– философия докторы (PhD)

Downloads

Жарияланды

2024-08-14

Журналдың саны

Бөлім

Тіл және әдебиетті оқыту әдістемесі