«ОҒЫЗ-НАМЕ» КІТАБИ ЭПОСЫНЫҢ ФОЛЬ «ОҒЫЗ-НАМЕ» КІТАБИ ЭПОСЫНЫҢ ФОЛЬКЛОРЛЫҚ СИПАТЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2024-2.17

Кілт сөздер:

кітаби эпос, фольклорлық сипат, тарихи тұстастану, ғұмырнамалық тұтастану, шежірелік тұтастану.

Аңдатпа

Көне замандарда төл топырағымызда жасалып, сақталып келе жатқан мұралар аз емес. Мұндай туындылар белгілі бір дәрежеде жүйеге келтірілген, зерттелген, әлі де зерттеле беретін бағалы мұралар екендігі талассыз.

Көне туындылардың қай-қайсысының да суреттеу тәсілдерінде эпос дәстүрінің көрініс беріп отыруы таңданыс тудырмаса керек. Жазба әдебиет пен халық шығармашылығының бір-бірінен жедел қол үзіп кетуі мүмкін емес. Сол себепті, кез-келген шығармашылық иесі өзі өмір сүріп отырған ортадағы өзіне дейінгі рухани қазынаға назар аударады, содан сусындайды, мейлі ол ауызша, мейлі жазбаша болсын, қажет уақытында дамытып пайдаланады.

«Оғыз-наме» – кітаби эпос ескерткішін одан бұрын және кейін туған әдеби мұралармен жан-жақты салыстырылады. Сол арқылы белгілі бір сюжет, мотивтердің қалыптасу жолдарын, көркемдік дәстүр сабақтастығының фольклорлық сипаты айқындалады. Көне мұраларды қарастыру барысында түркі халықтарының салт-дәстүріне, әдет- ғұрыптарына, әдеби бейнелердің тарихи негіздеріне, жалпы заңдылықтарына талдау жасалады.

«Оғыз-наме» кітаби эпосының рухани дүниемізден алар орны, түркі тілдерінің туысқандық байланысын танытатын бірден–бір фольклорлық мұра екендігі айқындалып, ондағы кісі есімдері мен жер-су аттары, тарихи оқиғалар мен фактілер фольклорлық заңдылықтарға түскен.

«Оғыз-намеде» қолданылған фольклорлық айшықтау мен ажарлаудың этностардың таным тарихымен байланыста сараланды. Түркі халықтары мен әлем елдеріне таралған көшпелі сюжеттер мен сарындар, эпостық дәстүр де басты назарда болып, ұлттық фольклорымыздың үлгілерімен салыстырыла зерттеледі.

Авторлар жайлы мәлімет

*Гульмира Тулеуова, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

– PhD докторант

Болатхан Cарбасов, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

– филология ғылымдарының кандидаты, профессор

Downloads

Жарияланды

2024-08-13

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану