ТҰРАҒҰЛ АБАЙҰЛЫНЫҢ КӨРКЕМ АУДАРМАДАҒЫ ҰСТАНЫМЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2024-2.18

Кілт сөздер:

Тұрағұл Абайұлы, алаш, көркем аударма, аударма трансформациялары, әңгіме, құндылықтар.

Аңдатпа

Алаш қайраткерлерінің бірі, ақын ғана емес, көрнекті аудармашы ретінде де танылған – Тұрағұл Абайұлы. Тұрағұл Абайұлының шығармашылық мұрасының бірегей бөлігі көркем аудармалары болатын. Мақалада алаш қайраткері Т. Абайұлының шығармашылық болмысына, көркем аудармадағы ұстанымына, стильдік ерекшеліктеріне назар аударылады.

Дж.Лондонның «Эскимос Киш», А.М. Горькийдің «Челкаш», А.С. Неверовтың «Мария – большевик», «Мен өмірге жерікпін» аудармаларын қарастыра отырып, мазмұндық мәні аударма трансформациялары негізінде талданады. Кез келген аударманың ұстанымдары мен қағидаларын анықтау барысында оның уақыты, сол уақыттағы аудармаға қойылатын талаптар назарға алынуы қажет. Бұл тұрғыдан алғанда аудармашы жұмысының психологиялық, әдеби, тілдік, әлеуметтік сынды бірнеше қырларын ескере отырып, Т. Абайұлының аудармалары өз заманына сай жасалынғаны анықталып, салыстыру, салғастыру әдістерін кеңінен қолдану арқылы типологиялық заңдылықтары айқындалады. Қарастырылып отырған аудармалардың оқырманға берер танымдық, тағылымдық жағына да назар аударылып, аудармашының ұлттық мүдде тұрғысынан ойлауы, бейнелеу даралығы көрсетіледі.

Түпнұсқа мен   аударма   мәтінді   бір-бірімен   салыстырмалы   түрде   талдаудың нәтижесінде, ХХ ғасыр басындағы көркем аудармалар сөзбе-сөз, жолма-жол тәржімалаудан гөрі шығармашылық еркіндікке көбірек ден қойғаны сараланады.

Авторлар жайлы мәлімет

Гулшат Түсіпова, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы

– филология ғылымдарының кандидаты

Лаура Дауренбекова, А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты

– филология ғылымдарының кандидаты, доцент

*Еркінгүл Солтанава, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

– филология ғылымдарының кандидаты, доценті

Downloads

Жарияланды

2024-08-14

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану