«ТІЛ-МӘДЕНИЕТ-ҚОҒАМ» ҮШТІГІНДЕГІ ӘЙЕЛ КОНЦЕПТІНІҢ ТІЛДІК СИПАТЫ (ҚАЗАҚ-АҒЫЛШЫН ПАРЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БІРЛІКТЕРІ НЕГІЗІНДЕ)

Авторлар

  • Гүлмира Әбдімәулен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Кокишева Назерке Еуразия гуманитарлық институты

Кілт сөздер:

мақал-мәтел, фразеологизм, концепт, образ, лингвомәдениеттану.

Аңдатпа

Мақала «Әйел» концептісіне қатысты «қыз-келін-ана» образдарын ашатын фразеологизмдер мен мақалдарға арналған. Мақаланың мақсаты «әйел» концептісіне қатысты фразеологизмдердің семантикалық құрылымын лингвомәдени тұрғыдан қарастыру. Қазақ халқының дүние бейнесін қабылдаудың ұлттық-мәдени ерекшелігінің бір тармағы «Әйел» концептісінен бастау алады. Тіл білімінде «Әйел» бейнесін ашатын фразеологиялық тіркестерді мағыналық-құрылымдық, этнолингвистикалық, когнитивтік тұрғыдан зерттеу мақаланың өзектілігі болып табылады. Қазақ халқының дүние бейнесінің фразеологиялық фрагментінде бекіген жалпы әйел туралы ұғым-түсініктердің ұлттық сипаты «Тіл-Мәдениет-Қоғам» үштігінде суреттеліп, маңыздылығы мен ерекшеліктері анықталады. Қазақ және ағылшын тілдерінде әйелдің жасына және қоғамдағы орны мен әлеуметтік рөліне байланысты «әйел» концептісін түзетін мақалдар мақала материалы ретінде қолданылады. Қазақ дүние танымында әйелдің тілдік бейнесінің астары «қыз» образынан бастау алады. Сол себепті қыздың эволюциялық даму кезеңдерінің тек «қыз-келін-ана» сатысы аясындағы мақалдар қазақ және ағылшын тілдерінде беріледі. Олар ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың басында жарық көрген еңбектерден алынып, бір-бірімен салыстырылып, «қыз-келін-ана» образының тілдік бейнесін ашып, мақала нәтижесі түйінделеді. Туыстық деңгейі алыс, шығу тегі мүлдем өзгеше екі тілдегі фразеологизмдер мен мақалдың мағыналық ұқсастықтары мен айырмашылықтары салыстырмалы әдіс негізінде жүйеленеді.

Авторлар жайлы мәлімет

Гүлмира Әбдімәулен, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– PhD докторант

Кокишева Назерке, Еуразия гуманитарлық институты

– филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Downloads

Жарияланды

2022-11-03

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі