АБАЙ АҚЫН АРХЕТИПІ РЕТІНДЕ

Авторлар

  • Мөлдір Амангазыкызы Еуразия гуманитарлық институты
  • Мақтагүл Оразбек Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • Жанбота Секей Alikhan Bokeikhan University

Кілт сөздер:

архетип, ақын архетипі, ақын архетипі моделі, қазақ поэзиясы, Абай бейнесі

Аңдатпа

Мақалада Абай Құнанбайұлының тұлғасы мен шығармашылығының негізінде «ақын архетипі» ұғымы айқындалып, сараланады. Жұмыста алғаш рет қазақ әдебиеттануында ақын архетипінің тууы мен қалыптасуы шынайы тұлғаның (әдеби емес) мысалында қарастырылады. «Ақын архетипі» ұғымы мәдени кеңістіктегі өзгермелі динамикалық модель ретінде түсіндіріледі. Бұл К.Г. Юнгтың архетип турасындағы анықтамасына да, қазіргі әдебиеттанудағы архетип түсініктемесіне де қайшы келмейді.

Ақын архетипі ұғымының аясында бойындағы дара қасиеттерімен бірге символдық, архетиптік қасиеттерге ие ақынның (кемеңгердің) уақытқа бағынбайтын мәдениет парадигмасына сыйғызып тұрған танымал кемеңгер тұлғасы танылады. Осылайша, ақын архетипі өз табиғатының екіжақтылығына сәйкес екі позицияда қарастырылады, нақтырақ айтсақ, бастапқы, априорлы қасиеті бар ақын архетипі және белгілі бір тұлғаның өзі бұл архетипке жаңа ерекше қасиеттер үстеуі мүмкін.

Осылайша, жұмыстың ғылыми және тәжірибелік мәні Абай Құнанбайұлының тұлғасы мен шығармашылығының негізінде «ақын архетипі» ұғымын айқындап, саралау. Зерттеу материалдары ұлы ақынның көркем мұрасының философиялық және эстетикалық сипатын талдауда пайдаланылады. Ұсынылған ақын архетипі концепциясы жоғары оқу орындарында арнаулы курстар мен семинарларда жазушылар шығармашылығының рецепциясын бағалау мәселесінде қолданылады.  

Авторлар жайлы мәлімет

Мөлдір Амангазыкызы, Еуразия гуманитарлық институты

– философия докторы (PhD), доцент

Мақтагүл Оразбек, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– филология ғылымдарының докторы, профессор

Жанбота Секей, Alikhan Bokeikhan University

– филология ғылымдарының кандидаты, доценті

Жарияланды

2022-11-03

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану