СЕРІКБОЛ ҚОНДЫБАЙ ЗЕРТТЕУЛЕРІНДЕГІ «ҚЫРЫМНЫҢ ҚЫРЫҚ БАТЫРЫ» ЖЫРЛАР ЦИКЛІ

Авторлар

  • Бибайша Нұрдәулетова Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2023-1.08

Кілт сөздер:

Қырымның қырық батыры, Серікбол Қондыбай, генезис, поэтикалық ареал, түркілік архетип, сингармониялық вариант, ономотаным, мифотаным.

Аңдатпа

«Қырымның қырық батыры» жырлар циклі түркі тектес халықтардың бірнеше мемлекеттік құрылымдарға бөлініп қайта құрылуының, сонымен бірге олардың рухани қалыптасуының тарихи-көркемдік баяны болып табылады. Жырдың тілдік әлеуетіндегі білімдік ақпаратты зерттеп-зерделеу арқылы «ноғайлық тек», «қазақылық ету, қазақ шығу»  феномендерінің қалыптасу аймағы мен рухани негізін айқындау «Қырымның қырық батырына» байланысты зерттеулердің тың саласы болып саналуы тиіс. Шындығында, «жырдың тарихи-географиялық кеңістігін, жырды тудырушы тілдік, поэтикалық ортаны» зерттеу «басы ашық» мәселе ретінде назардан тыс қалып келгені байқалады. Себебі жыр мазмұнындағы географиялық, тілдік деректер, оқиғалар желісі, басты қаһармандардың тарихи тұлғалармен есімдес, тағдырлас болуы «жырлар циклі Алтын Орда дәуірінде, XIV-XV ғасырлар ішінде дүниеге келген, жырды тудырған «ноғайлы жыраулық дәстүрі» деген ғылыми аксиоманы қалыптастырған және зерттеушілердің қай-қайсысы да осы қалыптасқан аксиоманы одан әрі ғылыми негіздеу, осы ақиқаттың айналасында түрліше бағытта ғылыми, тарихи айғақтар іздеу бағытында жұмыстанған. Жыр циклі филологиялық, ішінара тарихи аяда зерттелген. Сондай-ақ, бүгінге дейінгі зерттеулерде жырлар циклінің лингвистикалық сипаттамасы мәтіндегі жеке сөздердің мағынасын түсіндірумен (ол да толық тарихи-этимлогиялық талдау емес), топонимдік, антропонимдік, этнонимдік атаулардың тізбесін берумен ғана шектелген еді. Ал, «Қырымның қырық батыры» жырлар циклін зерттеудің С.Қондыбай негіздеген жаңа кешенді әдісі география, тарих, әдебиеттану (фольклортану, мифтану), философия, теология пәндеріне қатысты білім қорын бір ғана лингвистикалық кеңістікте топтастырып, жинақтап, жүйелеуге арналады. 

Осы мақалада «Қырымның қырық батыры» сияқты тарихи-поэтикалық туындының гензисін, қалыптасу ареалын жаңа бағытта қарастырған С.Қондыбай еңбектеріне талдау жасаймыз, оның зерттеу әдістемесін ашып көрсетуге күш саламыз.

Автор жайлы мәлімет

Бибайша Нұрдәулетова, Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті

– филология ғылымдарының докторы, профессоры

Downloads

Жарияланды

2023-04-15

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі