ҚЫЗҒА ҚАТЫСТЫ ЭТНОГРАФИЗМДЕРДІҢ ТАНЫМДЫҚ СИПАТЫ

Авторлар

  • Тыныштық Ермекова Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті
  • Назерке Жанабаева Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

Кілт сөздер:

қызға қатысты этнографизмдер, қыз, әйел, салт-дәстүр, лингвомәдени сипат, танымдық сипат

Аңдатпа

Аңдатпа. Зертеу жұмысында негізгі нысан қызға қатысты этнографиялық бірліктер, лингвокультуремалар болып отыр. Кез келген халықтың, ұлттың ерекшелігі, өзіндік дүниетанымы, мәдениеті, тарихы, салт-дәстүрі бар. Олардың мың жылдық көрінісі сол ұлттың, халықтың дана тілінде сақталып отырады. Қазіргі таңда әртүрлі ғылымдардың тоғысуы нәтижесінде қызықты әрі маңызды зерттеу жұмыстары жүзеге асырылуда. Бұл ғылымдардың басын қосып тұрған ғылыми бағыт – антропоөзектік бағыт. Яғни зерттеу нысанына кіретін бірліктер адами факторға, адамның өзіне бағыттала отырып қарастырылады. Мақалада Н.Уәлиұлы, А. Байғұтова, А. Әлімжанова, Г.Шоқым, Т.Ермекова, М.Бигельдиева және тағы басқа да ғалымдардың еңбектері қарастырылады. Сонымен қатар біздің зерттеуіміздің негізгі нысаны этнографиялық бірліктер тіл ғылымының жаңа салалары призмасында қарастырылып, олардың танымдық сипаты мен әлеуеті анықталады. Қыз, әйел тақырыбына арналған көптеген ғылыми зерттеулер, жобалар түрлі бағытта жүргізіліп келген болса, біздің жұмысымызда қызға қатысты этнографизмдер басты нысанға алынып отыр. Мұндай этнографизмдерге: қызға, әйелге қатысты салт-дәстүрлер, олардың танымдық тұжырымы, туыстық атаулар, ұлттық колоридті айқындап, сипаттауға әлеуетті жалпы қызға қатысты тілдік бірліктерді жатқызуға болады. Зерттеу барысында мұндай тілдік бірліктер ұлттың дүниетанымын, мәдени, рухани байлығын қалыптастырушы негізгі түсініктердің бірі екендігіне дәйектемелер келтіріледі.  

Авторлар жайлы мәлімет

Тыныштық Ермекова, Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университеті

– филология ғылымдарының докторы, профессор

Назерке Жанабаева, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

– PhD докторант

Downloads

Жарияланды

2022-11-03

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі