ТАРИХИ ДИСКУРС ЖӘНЕ АЛЛЮЗИЯ

Авторлар

  • Адил Жакулаев Е.А.Бөкетов атындағы Қырағанды университеті
  • Саржан Такиров Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті
  • Орһан Сойлемез Кастамону университеті

Кілт сөздер:

Аллюзия, тарихи дискурс, көркем мәтін, дискурс, институционалдық дискурс, көркем әдебиет, постмодернизм, әдеби дискурс, интерпретация.

Аңдатпа

Аллюзия мәселесі төңірегінде әлемде көптеген зерттеулер жүргізілді және әлі де өзектілігін жойған жоқ. Аллюзия өте күрделі, әрқилы, көркем мәтінде берілу жолдары әртүрлі. Тарихпен тығыз байланысты. Яғни, көркем мәтінде тарихи деректерге жанама меңзеу арқылы көрініс табады.  Бұл мақалада тарихи дискурс категориясы мен аллюзияның ерекшеліктері мен тарихи фактілердің көркем мәтінде интерпретациялануы қарастырылады.

Ғалымдар аллюзияны зерттеуде оның атқаратын қызметіне, типологиясы мен түрлеріне, өзіндік ерекшеліктеріне мән береді. Тарих пен аллюзияны өте тығыз қарым-қатынаста қарастыратын болсақ, онда көркем мәтіндегі тарихи дискурстың көркем шығармада берілуінде аллюзияның өзіндік орны пайда болатыны айқын. Бұл жұмыста М.Мағауинның «Қыпшақ аруы» шығармасы мәтініндегі тарихи жазбалар ғылыми-тарихи, қоғамдық-саяси, көркем-тарихи, мәдени дискурстар шеңберінде салыстырмалы түрде талданады. Тарихи-көркем мәтіннің тарихи санаға әсері зерделенеді. Мақалада дискурсқа қатысты Н.Фатеева, A.H. Pasco, J.Weixlmann, А.Г.Мамаева, A.Pelttari, А.С.Адилова сынды ғалымдардың еңбектері басшылыққа алынған. Аллюзия мен тарихи дискурс байланысының ерекшеліктерін анықтауға талпыныстар жасалады. Зерттеу барысында салыстыру, салыстыру-талдау, интерпретациялық, семантикалық, әдістері қолданылды.

Авторлар жайлы мәлімет

Адил Жакулаев, Е.А.Бөкетов атындағы Қырағанды университеті

- PhD докторант

Саржан Такиров , Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті

– филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессоры

Орһан Сойлемез, Кастамону университеті

– философия докторы (PhD), профессор

Downloads

Жарияланды

2023-01-06

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану