*АУЫЛ БЕЙНЕСІ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ТАНЫМ
DOI:
https://doi.org/10.55808/1999-4214.2023-2.18Кілт сөздер:
ментальділік, ауыл прозасы, ұлттық болмыс, деректілік, көркемдікАңдатпа
Бүгінгі қоғамдағы шапшаң өзгерістер жалпы адамзаттың санасына, әлеуметтік ортадағы болмысына, ұстанымына әсер етіп отыр. Ғылымдардың әлемдік даму тенденциясында жаһандық идеялардың даму динамикасын әсіресе, гуманитарлық ғылымдардың дамуынан бақылауға болады. Бұл ықпалдастық әдебиеттану ғылымынан да байқалады. Әр дәуір әдебиетінің ерекшелігі оның көтерген тақырыбынан, проблемасынан байқалады. Елдің, жердің киелілігі, ұлттық болмыстың берілуі – көркем шығарманың ажырамас бөлігі. Бұл көркем туындының әлеуметтік сипатынан, тақырыптық-идеялық болмысынан көрінеді. Қандай да тақырыптың көтерілуі кезең әдебиетінің ерекшелігінен туындайды әрі бұл тереңнен қозғалатын мәселе. Көркем шығармалардың қандай да бір тақырыптық жіктеулерге бөлінуі белгілі бір дәрежеде шартты деуге болады. XX ғасырдың жетпісінші жылдары әдеби шығармаларды тақырыптарға топтау сыншылардың жіктеуінен туындап жатыр деген пікір де орныққан. Қайткенде де кезең әдебиетінің өзіндік ерекшелігін сипаттауда, бағалауда оларды тақырыптық, идеялық тұрғыдан айқындап отырудың қажеттілігі болды. Осылайша әр шығармашылық өкілінің өз дәуірінде неғұрлым терең суреттейтін тақырыбы, қозғайтын мәселесі орнығады. Ал, белгілі бір ауыл, өңір құбылыстарын сипаттауда да аумақтық ерекшелік, топонимикалық атаулар, жергілікті өңірге тән айғақ-деректердің орын алатыны сөзсіз.