Руководство для авторов

Авторларға арналған нұсқаулық

«Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы»  материалдарды жариялау Open Journal System сайты арқылы жүзеге асырылады.

МАҚАЛАНЫ РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ

АВТОРЛАРҒА ЕСКЕРТУ! Плагиаттан өтпеген мақалаларды түзеп қайтадан жіберуге болмайды.

Редакция бұрын басқа басылымдарда жарияланбаған мақалаларды қабылдайды. Мақалалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қабылданады.

Мақалада авторлар саны үштен аспауы тиіс.

Қаріп - Palatino Linotype, қаріп өлшемі көлемі - 12, интервал - бір. Жиегі – 2 см.

  • Мақаланың көлемі тақырыбы, авторлары туралы мәліметтерді, аңдатпа, түйін сөздерді, библиографиялық тізімді қоспағанда, негізгі мәтін 2000-3500сөзден тұруы керек (мақала авторларының саны үштен асппауы қажет).
  • Мақала бағыты мен тілі бойынша ХҒТАР / МРНТИ / IRSTI (Халықаралық ғылыми-техникалық ақпарат айдары, келесі сілтеме арқылы http://grnti.ru/) нөмірi және әр автордың Orсid ID нөмірі қойылуы керек.
  • Авторлар аты-жөні мен тегі, ұйымның толық атауы, қаласы, мемлекет, автордың(лардың) е-mail, мақаланың тақырыбы, аңдатпа, түйін сөздер жазылады.
  • Мақала мәтіні тіліндегі аңдатпа, түйін сөздер– қазақ тіліндегі мәтін үшін орысша және ағылшынша, орыс тіліндегі мәтін үшін қазақша және ағылшынша, ағылшын тіліндегі мәтіндер үшін қазақша және орысша беріледі. Аңдатпа үш тілде 300 сөзден аспауы керек. Аңдатпада зерттеу мақаласының қысқаша мазмұны және оқырманға мақаланың мәнін тез түсінуге көмектесу үшін қолданылады. Аңдатпа мақаланың дербес бөлігі бола отырып, түсінікті етіп жазылуы керек. Онда көлемді формулалардың болмауы, мазмұны бойынша мақала атауын қайталамауы, жұмыс мәтіні мен әдебиеттер тізіміне сілтемелер болмауы тиіс, мақаланың қысқаша мазмұны, оның ерекшеліктерін көрсетіп, мақаланың құрылымын сақтауы тиіс. Аңдатпа оқырманды мақаланы толығымен оқуға ынталандыруы керек. Аңдатпа құрылымы зерттеу объектісін сипаттаудан басталып, мәселелерді және қолданылған әдістерді, көрнекті нәтижелерді және олардың маңыздылығын баяндау керек. Қажет болған жағдайда белгіленген терминологияны пайдалану керек.
  • Түйін сөздер мақаланың негізгі мазмұнын көрсетуі; зерттеудің пәндік саласын анықтауы; мақала мәтінінде кездесуі тиіс сөздер. Түйін сөздер бір-бірінен үтір арқылы ажыратылады. Түйін сөздер 5-8сөзден кем емес.
  • Мақала мәтіні келесі ретпен ұсынылуы керек: Кіріспе – Әдістеме және зерттеу әдістері – Талқылау мен бақылау – Нәтижелер – Қорытынды.
  • Журналдың автор/авторлары тақырыптарға сәйкес келесі ережелерді ұстануы керек.

- Мақала тақырыбы бойынша нәтижелер қашан және қайдан алынғанына сәйкес толық сілтемелермен мәселені тұжырымдау туралы тарихи ақпарат;

- Кез келген ғылыми жұмыстың ең маңызды бөлігі ретінде мақаланың міндетін анықтау қажеттілігі мен өзектілігін негіздеу;

- Мақалада келтірілген мәселенің шешімін нақты тұжырымдау және сипаттау;

- Мақала нәтижесі (нәтижелері) жаңалығының толық негіздемесі;

- Ұсынылған нәтижелер толық негіздемелермен қамтамасыз етілуі керек.

  • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 10-15атаудан кем емес. Қазақ тіліндегі мәтінді кириллицадан латын қарпіне көшіруді https://qazlat.kz сайтында жасауға болады. Орыс тіліндегі мәтінді латын қарпіне көшіруді http://www.translit.ru сайтында жасауға болады.
  • Келтірілген дереккөздердің сапасы мен саны мақаланың өзектілігін көрсетеді. Сондықтан авторларға келесі нұсқауларды орындау ұсынылады: барлық сілтемелерде ағылшын тілінде библиографиялық деректер болуы керек; мүмкіндігінше сілтемелердің Ғылыми еңбектің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынатын ғылыми басылымдар тізбесі, Scopus немесе Web of Science базаларында индекстелуі тиіс;
  • Интернет сайтқа сілтеме берген жағдайда авторы, тақырыбы сайт көрсетіледі.
  • Иллюстрациялар (кестелер, сызбалар, диаграммалар) компьютерде немесе анық сызба түрінде (сиямен) А4 форматындағы жеке парақта орындалуы тиіс. Сурет нөмірі қағаз тасымалдағыштың екінші жағына қойылады, жиегіне оның орналасқан орны белгіленеді.
  • Әдеби дереккөздерге түсіндірмелер мен сілтемелер нөмірленіп, дәйексөзден соң шаршы жақша ішінде дереккөздің рет нөмірі, үтірден соң беті көрсетіліп беріледі. Жолма-жол сілтеме беру үлгісі: [6, 35].
  • Жарияланатын мақалаға редакция тарапынан DOI цифрлық нысан идентификаторы беріледі.
  • Талаптардың бірі сақталмаған жағдайда мақала қарастыруға қабылданбайды.

 

Әдебиеттер тізімін рәсімдеу мысалдары (ГОСТ 7.1-2003 «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Құрастырудың жалпы талаптары мен ережелері»):

Кітапты рәсімдеу:

1) Сабыр М. Көне қыпшақ тілі мен қазақ тілінің фоно-морфо-семантикалық сабақтастығы. – Алматы: Liber, 2021. – 464 б.

Журнал мақалаларын рәсімдеу:

2) Abylova,  G.E.,  Aripzhan,  G.Zh.  The  concept  of  time  in  the  ancient  Turkic written monuments // Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы. №3. –2023. –Б. 7-19. DOI: https://doi.org/10.55808/1999-4214.2023-3.01

Газет мақалаларын рәсімдеу:

1) Дауренбекова Л.Н. М.Әуезовтің «Көк қасқыр» әңгімесінің аудармасы табылды // Егемен Қазақстан. № 63 (30792). – 2024. – Б. 13.

Журнал мақалаларын рәсімдеу (ағылшын тілінде):

1) Alimbayev A.E., Daurenbekova L.N., Kemenger K.R.,  Imanberdiyeva S.K., Bashirov N.K. The Idea of Eternal Country in the First Epic Poemsof the Turkic People  //  Rupkatha  Journal  on  Interdisciplinary  Studies  in  Humanitiesthis  link  is disabled, 2020,12 (4), pp. 1-11. DOI: https://dx.doi.org/10.21659/rupkatha. v12n4.29.

Интернет ресурстарды рәсімдеу:

  1. Постмодернизм және біз. URL: https://adebiportal.kz/kz/news/view/ postmodernizm-zane-biz22858 (қаралды: 17.12.2023).
  2. Дулатов М. Алты томдық шығармалар жинағы. 1921. // URL: https://adebiportal.kz/web/viewer.php?file=/upload/iblock/74e/74e0db2c0baa13197214063aa74c23af.pdf&ln=kz1 (қаралды: 23.11.2023).