АУДАРМА САПАСЫН БАҒАЛАУ ТӘЖІРИБЕСІ
DOI:
https://doi.org/10.55808/1999-4214.2026-1.07Кілт сөздер:
аударма сапасын бағалау , аударма қателіктері , модель, Пинкер, аударма, бағалау сценарийіАңдатпа
Аударма сапасын бағалау – аударматану теориясы мен практикасы үшін маңызы зор акт. Ол сапалы аударманы сапасыз аудармадан ажыратуға, сәйкесінше «жақсы» аудармашыларды анықтауға, жас аудармашыларды дайындауға, жалпы аударма теориясын қалыптастыруға, т.б. мүмкіндік береді. Берілген мақалада аударма сапасын бағалау актісінің әдістемелік және практикалық негіздері сараланады. Авторлар сапа бағалаудың түрлі әдістерін – эквиваленттілік теориясына негізделген, функционалдық модельдерді сипаттай келе, Ганс Хенигтің аударма скопосына негізделген бағалау сценарийлері моделін практикада сынайды. Сондай-ақ, аударма қателіктерін талдауда Д.Бузаджидің классификациясын іс жүзінде тәжірибеден өткізеді. Мақаланың практикалық бөліміне әйгілі ғалым Стивен Пинкердің «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында тәржімаланған «Тіл – инстикт» оқулығының орыс және қазақ тіліндегі аудармалары арқау болды. Аталған модельдердің аударма сапасын бағалауда маңызы зор екендігін айта келе, авторлар бұл саланың әлі де терең эмпирикалық зерттеулерді қажет ететінін алға тартады. Қалың оқырманға сауалнамалар жүргізу, түрлі бағалау сценарийлерінің нәтижелерін топтастыру, жалпы ақпарат жинау мен өңдеуде көптілді корпустар, автоматты анализаторлар секілді технологиялар тарта отырып, осы саладағы субъективтіліктің алдын алуға болатынын баса айтады.
