ИММЕРСИВТІ СӨЗДІК – КӘСІБИ ЛЕКСИКАНЫ МЕҢГЕРТУДІҢ ЗАМАНАУИ ҚҰРАЛЫ
DOI:
https://doi.org/10.55808/1999-4214.2025-4.04Кілт сөздер:
иммерсивті заң сөздігі, құқықтық лексикография, заң терминдері, иммерсивті технология, CLIL, құқықтық білім беру, құқықтық мәдениет.Аңдатпа
Бұл мақалада иммерсивті заң сөздігінің ұғымы, оның дәстүрлі құқықтық сөздіктерден айырмашылығы және құқықтық білім берудегі орны қарастырылады. Иммерсивті технологиялардың (VR, AR, мультимедиа) құқықтық терминдерді меңгертудегі тиімділігі когнитивтік лингвистика және цифрлық педагогика тұрғысынан талданады.
Зерттеу халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, иммерсивті сөздіктің когнитивтік, педагогикалық және кәсіби артықшылықтарын айқындап, қазақ тілін кәсіби бағытта меңгерудің әлеуетін негіздейді.
Иммерсивті заң сөздігі құқықтық лексикографиядағы инновациялық бағыт болып табылады. Зерттеу барысында дәстүрлі заң сөздіктерінің статикалық, анықтамалық сипатының терминдерді меңгертудегі жеткіліксіздігі анықталды. XXI ғасырдағы цифрлық технологиялар, соның ішінде виртуалды шындық (VR), толықтырылған шындық (AR) құқықтық білім беру үдерісін жақсартуға мүмкіндік береді. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде жүргізілген экспериментте иммерсивті сөздіктер студенттердің заң терминдерін меңгеруінде, оқу мотивациясын арттыруда және кәсіби дағдыларды дамытуда жоғары тиімділік көрсетті.
Иммерсивті технологиялар ақпаратты бірнеше арна арқылы қабылдауға жол ашып, когнитивтік және педагогикалық артықшылықтар береді. Эксперименттік сабақ құрылымы терминдерді контекстте жан-жақты үйретуге бағытталған: терминдік шолу, иммерсивті тапсырмалар, рефлексия және кейстер. Сонымен қатар, иммерсивті сөздік құқықтық мәтіндердің күрделілігін визуалды және интерактивті форматта жеткізуге, құқықтық ойлауды қалыптастыруға септігін тигізеді. Әлем бойынша иммерсивті құқықтық білім беру тәжірибелері Қазақстан үшін үлгі бола алады және қазақ тілін кәсіби тұрғыдан дамытуға ықпал етеді. Зерттеу нәтижелері иммерсивті лексикографияның құқықтық білім беруде жаңа сапалы кезеңге көшуін дәлелдейді.
