«ӘКЕ» КОНЦЕПТІСІНІҢ МАҒЫНАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ АСПЕКТІСІ(М. ӘУЕЗОВ ШЫҒАРМАЛАРЫ БОЙЫНША)
DOI:
https://doi.org/10.55808/1999-4214.2025-4.14Кілт сөздер:
авторлық концепт, көркем концепт, көркем образ, авторлық ұстаным, көркемдік жүйе.Аңдатпа
Мақалада «әке» концептісі М. Әуезов шығармашылығы аясында талданған. «Әке» концептісін көркем мәтінде талдау авторлық ұстаным көріністерін анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеуде көркем шығармадағы концепт ұғымы жан-жақты зерттелді. Мақаланың мақсаты – М. Әуезов әңгімелеріндегі «әке» концептісінің авторлық концепт ретінде анықталуы мен әлеуметтік-мәдени аспектісін анықтау. Зерттеудің негізгі бағыттары әдебиеттану және концепт ұғымдарымен айқындалады. Мақаланың ғылыми және практикалық маңыздылығы «әке» концептісінің авторлық концепт ретінде анықталып, М. Әуезов шығармалары негізінде талдануынан көрінеді. Зерттеу барысында сипаттау, нарративті талдау, контекстуалды талдау, интерпретациялық талдау әдістері қолданылды. Зерттеу нәтижесі бойынша М. Әуезов әңгімелерін талдай келе, «әке» образы «әке» концептісінің репрезентациясы екені анықталды. Сонымен бірге «әке» көркем образының диалог арқылы берілуі, жиынтық образдар арқылы сомдалуы – «әке» концептісінің авторлық ұстаным аясында берілуімен байланысты. Көркем концепт жалпы көркем концепт пен авторлық концепт деп ажыратылады. Авторлық концепт – жазушының көркемдік әлемінің нәтижесі. Осыған сәйкес «әке» концептісі М. Әуезовтің шығармаларында түрлі қызмет атқарып, әлеуметтік-мәдени аспектісі анықталады.
Мақаланың құндылығы – қазақ қоғамындағы елеулі мәселелердің бастауында тұрған «әке» образының көрінісін талдаумен байланысты. М. Әуезов шығармаларында бейнеленген әке мен бала арасындағы қақтығыстар – ескі мен жаңаның қақтығысының көрінісі. Мақаланың практикалық мәні «әке» концептісінің көркем шығармада авторлық концепт ретінде талдануымен анықталады.
