КӨПТІЛДІ АКАДЕМИЯЛЫҚ ОРТАДАҒЫ ТЕРМИНЖАСАМЖӘНЕ АУДАРМА СТРАТЕГИЯЛАРЫ: ҚЫТАЙ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІ НЕГІЗІНДЕ
DOI:
https://doi.org/10.55808/1999-4214.2025-4.06Кілт сөздер:
терминология, терминтану, қытай тілі, қазақ тілі, сөзжасам, термин жасау принциптері, құрылыс терминдеріАңдатпа
Қытай халқы Қазақстанның шекаралас елдерінің бірі ретінде егемендік алғаннан бері халықтың рухани тұрмыс-тіршілігіне, мәдени қарым-қатынас пен экономикалық даму үдерісіне әрі елдің әл-ауқат күшінің күннен-күнге жақсаруына ерекше ықпал етіп келе жатқандығы белгілі. Оның үстіне елде еркін нарығына сатылымға шыққан қытай тауарлары мен қытай кәсіпкерлерімен біріккен өндіріс ошақтарының барған сайын молаюы мен еңбек нарығындағы басымдылығы қытай тіліне деген сұранысты арттыра түсуде. Осы негізде қытай нарығынан еліміз аумағына келіп, жер-жерде құрылып жатқан сауда базарлары мен біріккен кәсіпорындарда өндірілген өнімдер легі қытай тілінен қазақ тіліне аударылатын терминдердің қажеттілігіне мұқтаж болып отыр. Ұсынылып отырған ғылыми мақалада қытай тілінің терминжасам жолдарының ерекшеліктері мен қытай тіліндегі терминдерді қазақ тіліне аударудың әдіс-тәсілдерін нақты мысалдар арқылы пайымдаумен бірге терминтанушы ғалымдардың дәлел-дәйекті тұжырымдары жөнінде сараптама жүргізіліп, түсініктемелер беріледі. Сондай-ақ қытай тіліндегі сөзжасам тәсілдерінің қазақ тілі сөзжасам ерекшеліктеріне ұқсамайтын түйіндері арнаулы тәжірибелік мысалдар арқылы салыстырыла көрсетіліп, қытай тілінен қазақ тіліне аударылатын терминдердің жасалу жақтағы тиімді жолдары сөз етіледі. Әсіресе салалық терминология жақтағы ізденіс көзқарасы бойынша, қытай тіліндегі бірқатар құрылыс терминдерінің жасалу жолдары мен олардың қазақ тіліне аударылу мәселелері түйінді түрде сараптамалық зерттеуден өтіп ұсынылады. Бұл ғылыми еңбек оқырмандарға қытай тілі контектіснде терминдердің жасалу жолдары мен құрылымы және қалыптасуын практикалық негізде тереңірек түсінуге мүмкіндік берумен бірге, олардың қазақ тіліне аударылу әдіс-тәсілдеріне көңіл бөлуге теориялық және тәжірибелік жақтан бағыт-бағдар бере алатындығымен құнды екендігін атап өтуге болады.
Әдебиеттер тізімі
1. Терминдер және олардың аудармалары. – Алматы: Қазақ ССР-інің «Ғылым» баспасы. 1990. - 216 б.
2. Әлісжанов С. Қазақ терминологиясы: теория және тәжірибе. Оқу құралы. – Астана: «1С- Сервис» ЖШС баспасы, 2005. – 112 б.
3. 现代汉语词典. (修订本). 中国社会科学语言研究所编辑室编. –北京: 商务印书馆, 2000. -1724 页.
4. Утемгалиева Н. А. Білім беру дискурсындағы қазіргі академиялық терминология: семантикалануы және бейімделуі (Философия докторы (PhD)
дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация). – Алматы, 2023. – 155 б.
5. Құрманбайұлы Ш. Терминтанушы құралы. Сөздік-оқулық. – Астана: «Педагогика-Пресс ИД» баспасы. – Алматы: 2009. – 224 б.
6.Найман С. және басқалар. Ханзуша-қазақша сөздік. – Үрімжі: Шыңжаң халық баспасы, 1981. – 1550 б.
7. Қалибекұлы Т. Қазіргі қытай және қазақ тілдеріндегі сөз тіркесінің құрылымдық түрлері /Монография. – Алматы: «Полилингва» баспасы, 2021. – 172 б.
8. Абдырақын Н. Базалық шығыс тілі: Қазіргі қытай тілінің
грамматикасы. –Алматы: Қазақ университеті, 2010. – 291 б.
9. Айтбайұлы Ө. Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы. – Астана: Қазақ ССР-інің «Ғылым» баспасы, 1998. – 208 б.
10. Фромкин В., Родман Р., Хайамс Н. Тіл біліміне кіріспе, 10-басылым, Халықаралық басылым. – Алматы: Ұлттық аударма бюросы, 2018. – 608 б.
11. Saiz-Jimenez C. Special Issue on Interdisciplinary Researches for Cultural Heritage Conservation// Appl. Sci. 2023, 13(3), 1824; https://doi.org/10.3390/app13031824
12. Айтбаев Ө. Қазақ тіл білімінің мәселелері. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2007. – 624+32 б.
13. Шерубай Құрманбайұлы. Терминқор қалыптастыру көздері мен терминжасам тәсілдері (Барлық сала мамандарына арналған әдістемелік құрал). – Алматы: «Сөздік-Словарь» баспасы. – Алматы: 2005. – 240 б.
14. Глушко М. М. Функциональный стиль общественного языка и методы его исследования. / М. М. Глушко. – М., 2004. – 198 с.
15. Жұмағали Шәкенов. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер мен күрделі тұлғалар. – Алматы: «Ана тілі», 1991. – 120 б.
