*АЙГҮЛ КЕМЕЛБАЕВАНЫҢ «МҰНАРА» РОМАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛ БЕЙНЕСІ: АРХЕТИП ЖӘНЕ САНА ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ

*АЙГҮЛ КЕМЕЛБАЕВАНЫҢ «МҰНАРА» РОМАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛ БЕЙНЕСІ: АРХЕТИП ЖӘНЕ САНА ТРАНСФОРМАЦИЯСЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2026-1.24

Кілт сөздер:

әйел бейнесі, архетип, сана эволюциясы, трансформация, мифопоэтика, психологизм.

Аңдатпа

Бұл мақалада Айгүл Кемелбаева шығармашылығындағы әйел бейнесінің архетиптік құрылымы, психологиялық тереңдігі және рухани трансформациясы жан-жақты қарастырылады. Зерттеу нысаны ретінде жазушының «Мұнара» романы алынған. Мақаланың өзектілігі қазіргі қазақ прозасындағы әйел тұлғасының ішкі әлемін, психологиялық иірімдерін, рухани эволюциясын көрсетуге және архетиптік бейнелер арқылы көркемдік тұрғыда бейнелеудегі жаңа тәсілдерді бағамдауға байланысты.

Зерттеу барысында қазақ әдебиеттануындағы әйел образының зерттелуіне қатысты отандық ғылыми тұжырымдар жан-жақты сараланып, олардың негізінде Айгүл Кемелбаева шығармасындағы әйелдің сана эволюциясы мен ішкі психологиялық әлемі талданды. Мақаланы жазу барысында мифопоэтикалық, архетиптік және психоаналитикалық талдау әдістері қолданылды.

Зерттеу нәтижесінде Айгүл Кемелбаева шығармашылығында әйел бейнесі тек әлеуметтік немесе тұрмыстық сипатқа ғана ие емес, ол өз кейіпкерін рухани субъект ретінде бейнелей келіп, сана эволюциясын биік деңгейде суреттей алғаны анықталды. Зоологиялық проза элементі бар «Мұнара» романындағы кейіпкердің ішкі ізденісі арқылы әйел тұлғасы өмір мен өлім, қорқыныш пен үміт, жарық пен көлеңке арасындағы күрделі психологиялық және архетиптік тепе-теңдікті көрсетті. Әйел бейнесінің бұл трансформациясы ұлттық мәдени кодтар мен әлемдік архетиптік модельдердің үйлесімінде көрініс тауып, қазақ әдебиетіндегі әйел бейнесінің мистикалық, философиялық және экзистенциалдық деңгейдегі жаңашыл интерпретациясын айқындайды.

Авторлар туралы мәліметтер

Жансұлу Сәрсенбаева, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты

– Аударма ісі магистрі магистрі, ғылыми қызметкері

*Айжан Құрманбай, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты

– Гуманитарлық ғылымдар магистрі, ғылыми қызметкері

Гүлнәр Обаева, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

– философия докторы (PhD), аға оқытушы

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-31

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану
Loading...