*ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ПРЕЦЕДЕНТТІ ҚҰБЫЛЫСТАРДЫҢ ТІЛДІК КӨРІНІСІ
DOI:
https://doi.org/10.55808/1999-4214.2026-1.22Кілт сөздер:
прецеденттілік, прецедентті феномен, прецедентті құбылыс, прецеденттік атаулар, лингвомәдениеттану, мәтін, символАңдатпа
Мақалада прецедентті құбылыстың көркем шығармада қолданылуына талдау жасалады. Талдауға түскен тілдік материалдар Шәкәрім шығармалыранан алынған. Зерттеу барысында прецедентті құбылыстардың тіл білімінде зерттелуіне шолу жасалып, прецедентті құбылыстардың жіктелуіне тоқталады. Шәкәрім шығармаларындағы прецедентті есімдер лексика-семантикалық ерекшеліктеріне байланысты бірнеше топқа бөлініп қарастырылады. Мақалада жинақтау, жүйелеу, қорытындылау, лексика семантикалық талдау, топтастыру, интерпретация т.б. зерттеу әдістері қолданылды. Тілдегі прецедентті феномендерді зерттеп, зерделеудің мәні зор, себебі оларды танып, мәнін ұғыну арқылы ұлттық болмысқа, ұлт тарихы мен мәдениетіне қатысты ақпараттар аламыз. Мақалада Шәкәрім шығармаларында қолданылған прецедентті есімдер мен ұлттық прецедентті феномендер ұлт тарихындағы ұлағатты есімдерді, тарихан белгілі тұлғаларды, ұлттық мәдениет пен ұлттық сананы танытуға қызмет етеді деген тұжырым жасалды.
Зерттеудің теориялық маңызы: бұл мақала көркем шығармадағы прецедентті құбылыстарды лингвомәдени бағытта зерттеулерге өз дәрежесінде үлес қосады. Сонымен қатар Шәкәрім шығармаларының тілін жаңа бағыттарда зерттеулерге мұрындық болады деп ойлаймыз. Зерттеудің практикалық маңызы зерттеу нәтижелерін «Лингвомәдениеттану», «Прецеденттілік құбылыс» сынды арнайы курстар дәрістерін құрастыруға, оқу-әдістемелік кешендер дайындауда, курстық және дипломдық жұмыстарды жазу барысында қолданудан көрінеді.
Кілт сөздер: прецеденттілік, прецедентті феномен, прецедентті құбылыс, прецеденттік атаулар, лингвомәдениеттану, мәтін, символ
