*ҚЫТАЙ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ШЫҒЫС ДЕРЕККӨЗДЕРІНДЕГІ КӨНЕ ТҮРКІ ҚАЛА АТАУЛАРЫНДА КЕЗДЕСЕТІН -КЕНТ/-КЕТ ФОРМАНТЫНЫҢ ТАРИХИ-ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

*ҚЫТАЙ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ШЫҒЫС ДЕРЕККӨЗДЕРІНДЕГІ КӨНЕ ТҮРКІ ҚАЛА АТАУЛАРЫНДА КЕЗДЕСЕТІН -КЕНТ/-КЕТ ФОРМАНТЫНЫҢ ТАРИХИ-ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2026-1.05

Кілт сөздер:

кент, кет, топоним, ойконим, формант, көне түркі қалалары, геолингвистика

Аңдатпа

Бұл мақалада көне түркі кезеңдерінен жеткен тарихи-лингвистикалық, географиялық дереккөздерде кездесетін қала атауларындағы                          «-кент/-кет» форманттарының лингвистикалық табиғаты мен кеңістікте таралу ерекшеліктері қарастырылған. Зерттеу барысында түркі тайпаларының мекені болған Орта Азия мен Шығыс Түркістан аумағында шоғырланған ойконимдердің этимологиялық және тарихи-мәдени маңызы қарастырылды. Кей тұсында бір атаудың ежелгі араб-парсы, қытай және түркі жазбаларындағы деректерді салыстыра отырып, -кент\-кет\-канд форманттарының шығу тегі, таралу аймағы мен фонетикалық бейімделуі айқындалады.

Мақалада Ташкент, Ходжент (Қоженд), Суекент (Сүткент), Науакент (Навакет), Усбаникет (Арсубаникет, Субаникет), Жетікент (парсыша Һефт деһ), Жент, Жаркент/ Янгикент (С.П.Толстов еңбектеріне сүйенсек, екеуі бір қала), Баршынлыкент, Бикент (Бикет), Ордакент, Өзкент (Өзжәнд, Қайдар Дулат), Джабгукет сияқты тарихи ойконим атаулары мысалға алынған. Көрсетілген атаулардағы -кент\-кет\-канд (қанд) форманттарының қызметі мен этимологиялық мәні ашылып, түркі, соғды және иран мәдениеттерінің өзара байланысын көрсететін интеграциялық көрсеткіш ретіндегі рөлі айқындалады. Сонымен қатар ғылыми талдау барысында археологиялық, тарихи және этнолингвистикалық деректердің сабақтастығы сақталған.

Ғылыми мақалада келтірілген деректерді талдау нәтижесінде -кент\-кет\-канд форманттары Орта Азияның Сырдария аймағы, Шу-Талас аңғары мен Жетісу өңірінде қалыптасқан тұрақты тілдік бірлік ретінде қарастырылды. Мақала тарихи топонимика мен геолингвистика салаларының тоғысында жүргізілген кешенді зерттеу болып табылады және түркі өркениетінің қалалық мәдениетінің дамуындағы «кент» компонентінің маңызын ғылыми тұрғыда негіздейді.

Авторлар туралы мәліметтер

*Маржан Жылкыбаева, Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті

– филология ғылымдарының кандидаты,  қауымдастырылған профессор

Шолпан Сапарбайқызы, Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті

– педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

Салтанат Спатаева, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– PhD докторант

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-31

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі
Loading...