ҚАЗТЕСТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨНІМДІ СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ҚАЗТЕСТ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨНІМДІ СӨЙЛЕУ ӘРЕКЕТТЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2026-1.33

Кілт сөздер:

ҚАЗТЕСТ, жазылым, айтылым, бағалау критерийлері, тілдік құзыреттілік, социолингвистика, психолингвистика

Аңдатпа

Мақалада ҚАЗТЕСТ жүйесіндегі тест тапсырмаларының ғылыми-әдістемелік негіздері мен олардың тілдік құзыреттілікті кешенді бағалаудағы рөлі жан-жақты қарастырылады. Зерттеу барысында тест тапсырмаларының ерекшеліктері, қысқаша мазмұны, жазылым мен айтылым дағдыларының құрылымы, мазмұны және бағалау критерийлері егжей-тегжейлі талданған. Ашық форматтағы тапсырмалар дайын жауап нұсқаларын таңдауға емес, тестіленушінің өз ойын еркін, логикалық жүйеде және грамматикалық тұрғыдан дұрыс жеткізу қабілетін анықтауға бағытталады. Мұндай тәсіл тілдік білімді өмірлік жағдаяттарда қолдану икемін, коммуникативтік және когнитивтік дағдыларды, шығармашылық қабілеттер мен мәдени сәйкестікті бағалауға мүмкіндік береді. Жазылым мен айтылым дағдылары Блум таксономиясы және коммуникативтік құзыреттілік теориясы тұрғысынан қарастырылып, олардың когнитивтік, социолингвистикалық және психолингвистикалық қырлары сараланған. Жазылым және айтылым тапсырмаларына зерттеу жүргізу барысында, аймақтық тест нәтижелерін салыстыру оңтүстік өңірлерде айтылым көрсеткіштерінің басым, ал жазылым нәтижелерінің төмен екенін көрсетті. Бұл тілдік ортаның ауызекі коммуникацияға бағытталуымен және жазба тіл тәжірибесінің жеткіліксіздігімен байланысты. Мақалада қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау сапасын жетілдіру, жазылым мен айтылымды интеграцияланған оқыту және ұлттық-мәдени контексті ескеретін бағалау жүйесін дамыту бойынша әдістемелік ұсыныстар берілген.

Авторлар туралы мәліметтер

Нұргүл Тоғызбай, ҚР ҒЖБМ «Ұлттық тестілеу орталығы» ШЖҚ РМК

– магистр

Гульнур Ерсултанова, ҚР ҒЖБМ «Ұлттық тестілеу орталығы» ШЖҚ РМК

– PhD докторант

*Назым Жумаханова, ҚР ҒЖБМ «Ұлттық тестілеу орталығы» ШЖҚ РМК

– магистр

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-31

Журналдың саны

Бөлім

Тіл және әдебиетті оқыту әдістемесі
Loading...