1960–1980 ЖЫЛДАРДАҒЫ ОТАНДЫҚ ӘДЕБИЕТТАНУДАҒЫ ҚАЗАҚ ДРАМАТУРГИЯСЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ

1960–1980 ЖЫЛДАРДАҒЫ ОТАНДЫҚ ӘДЕБИЕТТАНУДАҒЫ ҚАЗАҚ ДРАМАТУРГИЯСЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ ТӘСІЛДЕРІ

Авторлар

  • *Шынар Сапаш Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті
  • Серик Тахан Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2026-3.24

Кілт сөздер:

қазақ драматургиясы, әдебиеттану, трагедиялық қақтығыс, мәдени жады, фольклор

Аңдатпа

Мақалада 1960–1980 жылдардағы отандық әдебиеттану ғылымында қалыптасқан қазақ ұлттық драматургиясын зерттеудің негізгі тәсілдері қарастырылады. С. Ордалиев, Ә. Тәжібаев, М. Дүйсенов, Е. Жақыпов және Р. Нұрғали еңбектерін талдауға баса назар аударылады, бұл еңбектерде Қазақстандағы драматургия жанры дамуының маңызды кезеңдері, оның тарихи-әлеуметтік контекстпен байланысы, ұлттық фольклорлық дәстүрлер мен сол кезеңдегі эстетикалық ізденістері айқындалған. Авторлар әрбір зерттеушінің қосқан үлесіне шолу жасай отырып, олардың тұжырымдамаларындағы ортақ әдіснамалық бағыттарды, ішкі ерекшеліктер мен эвристикалық әлеуетті айқындауға ұмтылады. Жанрлық эволюция мәселелеріне, драматургиялық қақтығыстардың (конфликтілердің) типологиясына, сондай-ақ фольклорлық-эпикалық материалдың сахналық шығарма құрылымына интеграциялануына (кірігуіне) ерекше назар аударылған.

Қарастырылып отырған зерттеулер тарихи-дескриптивті (сипаттамалық) талдаудан бастап, ұлттық болмыстың құндылық негіздерін ашатын трагедиялық қақтығыстың философиялық герменевтикасына дейінгі кең ауқымды интерпретацияларды қамтиды.

Мақаланың шолу сипаты қазақ әдебиетіндегі драма жанрына деген ғылыми көзқарастың қалыптасу динамикасын айқындауға мүмкіндік беретін салыстырмалы талдау элементтерімен ұштасады. Ұсынылған пайымдаулар қазақ театрының тарихы мен поэтикасы саласындағы алдағы зерттеулерге, сондай-ақ ұлттық бірегейлік пен Орталық Азиядағы мәдени сана трансформалануы туралы кеңірек гуманитарлық пікірталастарға негіз бола алады.

Авторлар туралы мәліметтер

*Шынар Сапаш, Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті

– философия докторы (PhD), асситент-профессор

Серик Тахан, Л.Н.Гумилев атындағы Евразия ұлттық университеті

– филология ғылымдарының докторы, профессор

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану
Loading...