ТӘУЕЛСІЗДІК ИДЕЯСЫ АЛАШ ҚАЛАМГЕРЛЕРІНІҢ БАСЫМ БАҒЫТЫ
DOI:
https://doi.org/10.55808/1999-4214.2025-3.16Кілт сөздер:
Алаш қаламгерлері, Тәуелсіздік идеясы, құндылық, ұлттық сана, тіл, мәдениет, әдебиет, рухани жаңғыру.Аңдатпа
Тәуелсіздік идеясы қазақ халқының тарихи санасында әрқашан маңызды орын алып келген, себебі ол ұлттың болмысымен, еркіндікке деген ұмтылысымен тығыз байланысты. Қазақ тарихы отаршылдыққа, сыртқы қысымдарға және ұлттық дербестігін сақтауға бағытталған ұзақ күрестің шежіресі. Бұл идея тарихи оқиғалар арқылы қалыптасып, халықтың рухани дүниетанымында маңызды құндылық ретінде сақталған.
Мақалада тәуелсіздік идеясының қазақ халқының тарихи санасындағы орны және оның ұлттық руханият пен саяси-мәдени өмірдегі рөлі қарастырылады. Алаш қайраткерлерінің шығармашылығы мен қоғамдық қызметі арқылы тәуелсіздік идеясының қалыптасу жолдары, оның ұлттық сана-сезімді жаңғыртудағы маңызы талданды. Зерттеу барысында Алаш зиялыларының саяси және мәдени мұрасы қазақ халқының азаттыққа ұмтылысын білдіретін рухани құндылықтар тұрғысынан зерделенді. Сонымен қатар, тәуелсіздік мұратының бүгінгі қазақ қоғамындағы орнын түсіндіру мақсатында Алаш идеяларының заманауи қолданыстары талқыланды. Зерттеу барысында әдеби және тарихи мұралар негізінде тәуелсіздікке ұмтылыстың мәдени, саяси және рухани негіздері анықталды.
Қазіргі кезеңде Алаш қаламгерлерінің тәуелсіздікке қосқан үлесін зерттеуді тереңдету бағытында әдеби, тарихи және мәдени зерттеулерді жүйелеу, олардың мұрасын жаңа көзқарастармен зерделеу қажеттілігі артып келеді. Бұл тек ұлттық рухани байлықты толыққанды игеруге ғана емес, сонымен бірге тәуелсіздік мұратының тарихи негіздерін түсінуге және оны болашаққа жеткізуге мүмкіндік береді.
