С.СЕЙФУЛЛИННІҢ «ТАР ЖОЛ, ТАЙҒАҚ КЕШУ» РОМАНЫНДАҒЫ НАРРАТИВТІК ҚҰРЫЛЫМ

С.СЕЙФУЛЛИННІҢ «ТАР ЖОЛ, ТАЙҒАҚ КЕШУ» РОМАНЫНДАҒЫ НАРРАТИВТІК ҚҰРЫЛЫМ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2026-1.16

Кілт сөздер:

мемуарлық роман, нарратология, нарратив, деректік нақтылық, баяншы, тарихи оқиға, баяндау тәсілі, фокализация, көркем бейне

Аңдатпа

Мақалада көркем шығармалардың баяндау табиғатын айқындайтын нарратив ұғымы теориялық тұрғыда сараланып, қазақ әдебиетіндегі мемуарлық прозаның мысалында, нақтырақ айтқанда С.Сейфуллиннің «Тар жол, тайғақ кешу» мемуарлық романындағы нарративті құрылымның ерекшеліктері талданады.

Нарративтің классикалық құрылымы, нарратор ұғымы, баяндау деңгейлері мен уақыттық жүйе сияқты элементтері қарастырылады, сонымен қатар шығармадағы шектеулі нарратордың рөлі, монолог, флэшбек әдістері және субъективті баяндаудың авторлық ұстанымы мен байланысы ашылады. Бұл талдау мемуарлық жанрдың табиғатын, яғни тарихи дерек пен көркем баяндаудың тоғысу ерекшелігін айқындайды. Сондай-ақ, мақалада С.Мұқановтың «Өмір мектебі» шығармасымен салыстырмалы талдау жасалып, екі туындыдағы нарративтік тәсілдердің ұқсастықтары мен ерекшеліктері көрсетіледі. Зерттеу барысында қазақ әдебиеттануындағы баяндау мәселесімен айналысқан ғалымдардың еңбектеріне сүйеніліп, теория мен практиканың өзара байланысы көрсетіледі.

Нарратология мен мемуар жанрының байланысы сараланып, мемуаршының баяндау әдістері талданады. Туындыдағы нарративтік тәсілдер, қоғамдық көріністерге автордың субьективті көзқарасы мен көркемдік шешімі, тарихи кезеңдегі суреткерлік сипаты ашылады. Сондай-ақ, мемуарлық романдағы автордың баяндау мәнері, тұлғаларды әдеби бейнеге айналдыруы, кезеңдік тарихи оқиғаларға берген бағасы, нарративтің көңіл-күйге әсері, романның әдебиеттегі орны мен құрылымдық ерекшелігі, ретроспективтілігі, хронологиялық жүйесі зерделенеді.

Авторлар туралы мәліметтер

*Зәуре Ғалымжанова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– PhD докторант

Қарлығаш Байтанасова, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– филология ғылымдарының кандидаты, профессор

Айбек Қалиев, Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университеті

филология ғылымдарының кандидаты, профессоры

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-31

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану
Loading...