Publication ethics

Жариялау этикасы

«Еуразия гуманитарлық институтының Хабаршысы» ғылыми журналының редакциялық саясаты жарияланым этикасы жөніндегі комитеттің журнал редакторларына арналған (Committeeon Publication Ethics: COPE, promoting integrity in scholarly research and its publication / COPE: Committee on Publication Ethics) принциптерін қолдайды және қолданады, ең басты мынадай талаптарды қамтитын ғылыми мерзімді басылымдардың этикалық қағидаттарына бағдар береді:

Редакторлар үшін:

Бас редактор және редакция алқасының мүшелеріне келесідей міндеттемелер жүктеледі:

  • мақалалардың сапасына ерекше назар аудару, редакция алқасының отырыстарына қатысу, мақала бойынша рецензенттердің шешімдерімен келісім / келісім емес бойынша өзінің шешімін айту, журнал нөмірлерінің мазмұнын анықтауға қатысу;
  • ЖОО мен ҒЗИ ғалымдары мен шетел ғалымдарын жарияланымға тарту;
  • Авторлардың нәсіліне, жынысына, діни сенімдеріне, этникалық шығу тегіне, азаматтығына қарамай, жұмыстың интеллектуалды мазмұнын бағалау;
  • қолжазбамен байланысты авторлармен және ұйымдармен бәсекелестік, бірлескен және басқа да өзара іс-қимыл мен қарым-қатынас салдарынан қолжазбаларда кездесін мүдделер болған жағдайда қарастырмау.

Бас редактор:

  • техникалық талаптарға сәйкестігі бойынша бастапқы іріктеуден өткен әрбір келіп түскен мақала бойынша рецензенттерді (тиісті тақырып бойынша ғалымдар немесе мамандар) анықтайды;
  • рецензенттердің пікірлері мен журналдың редакция алқасының отырысында ағымдағы нөмірдің мазмұнын анықтау бойынша материалды талқылау негізінде түскен материалды жариялау туралы түпкілікті шешім қабылдайды.

 Редакция:

  • Журнал редакциясы мақала авторларымен тікелей жұмыс істейді және ғылыми зерттеу нәтижелерін жариялау бойынша авторларға қызмет көрсету агенттіктерімен жұмыс жүргізбейді;
  • Редакция авторлардың, редакторлар мен рецензенттердің этикалық емес мінез-құлқын анықтау кезінде қысқа мерзімде шешім қабылдауға тиіс. Оған авторлардың әдепке жат қылықтарына, авторлар құрамын бұрмалау, жалған ғылыми мәтіндерді жариялау, оларды бұрмалау, дәйексөздерді бұрмалау, көшіру (плагиат), материалды басқа басылымдарға қатар беру жатады;
  • Қолжазбаны қарау немесе оны басып шығару алдында дайындау процесінде автордың/авторлардың әдепке жат мінез-құлқы анықталған кезде редакция қолжазбаны одан әрі қараудан алып тастауға және автормен ынтымақтастықты тоқтатуға құқылы. Автордың/авторлардың әдепке жат мінез-құлқы оның мақаласы жарияланғаннан кейін анықталған жағдайда (қатар жариялау, авторлық құқықтарды бұзу, плагиат және т.б. фактілері анықталған) редакция автор/автрлоарлардың әдепке жат мінез-құлқы туралы басқа журналдарды (мақала қатар жарияланған) хабардар ете отырып, журнал сайтынан да, сондай-ақ, мұрағаттау және ғылыми индекстеу базаларынан да мақаланы қайтару (алып тастау, кері қайтарып алу) туралы шешім қабылдауға құқылы. Редакция жарияланымға байланысты күрделі мәселелер (автордың әдепке жат мінез-құлқы, қателіктер және т.б.) анықталмаса, жарияланымды жою (ретрагациялау) туралы негізсіз шешімдер қабылдамауға міндетті.
  • Журнал рецензенттері мен редакторларының әдепке жат қылықтарына мақала мәтіндерін авторлардың келісімінсіз басқа журналдарға беру, авторлар материалдарын үшінші тұлғаларға беру, авторлық құқықтарды, редакциялық процестердің құпиялылығы қағидатын бұзу, сондай-ақ, авторлармен және қолжазбамен байланысты ұйымдармен бәсекелестік, бірлескен және басқа да өзара іс-қимылдар мен қатынастар салдарынан мүдделердің болуына байланысты материалдарды қолдау жатады.
  • Қарастырылған қолжазбаларға немесе жарияланған материалдарға қатысты шағымдар туындаған жағдайда редакция алқасы тиісті жауап шараларын қабылдауға міндетті: ең алдымен, мақала авторынан түсініктеме сұралады. Тергеу автордан қанағаттанарлықсыз жауап алған жағдайда ғана жүргізіледі.
  • Жоғарыда айтылмаған авторлардың, редакторлар мен рецензенттердің этикалық мінез-құлық нормаларын бұзудың ықтимал жағдайлары жариялау этикасы жөніндегі комитеттің ғылыми жарияланымдар этикасы қағидаттары жөніндегі нұсқаулықтың (Committeeon Publication Ethics: COPE, promoting integrity in scholarly research and its publication / COPE: Committee on Publication Ethics) негізінде шешілетін болады.
  • Мақала жарияланғаннан кейін авторлар тарапынан мақала атауы немесе авторлар туралы мәлімет т.б. қателіктер жөнінде шағым берілсе, қателіктер түзетіліп, сайтқа қайта тіркеледі. Сондай-ақ түзетілген жөнінде ақпарат жарияланады.
  • Редакция бас редакторға, жауапты редакторға және редакция алқа мүшелеріне, рецензенттерге журналда жариялауға мүмкіндік береді, бірақ олар өз ережелерін қолдана алмайды. Барлық мақалалар, соның ішінде, арнайы басылымдардың жауапты редакторларының мақалалары да рецензиялау рәсімінен өтеді және журналдың редакция алқасының отырысында қарастырылады.

Рецензенттер үшін:

Журналда жарияланатын мақалалардың сапасын қамтамасыз ету мақсатында «жасырын» рецензиялау рәсімі пайдаланылады. Рецензент үшін рецензиялау объектісі тек алынған зерттеулердің нәтижелері болуы керек.

Рецензиялауға түскен әрбір қолжазба құпия құжат ретінде қарастырылады. Рецензент өз жарияланымдарында жіберілген қолжазбадағы материалдарды пайдалана алмайды. Рецензент материалды үшінші тұлғаларға тек бас редактордың рұқсатымен ғана жібере алады, Рецензент редакцияға жұмыстың объективті бағасын ұсынуы керек, қажет болған жағдайда жіберілген материалды жақсарту нұсқаларын ұсына алады.

Мақалаларды рецензиялауды редакция алқасының мүшелері, сондай-ақ тиісті ғылыми бағыттың рецензенттері жүзеге асырады. Мақалаға сараптама жүргізетін нақты рецензентті таңдау туралы шешімді редакция мүшелері мен редакция алқасы мүшелері қабылдайды.

Егер мақала рецензент тарапынан ұсынылмайтын болса, мақала жарияланбайды және оның себептері, кемшіліктері көрсетіліп, авторға жіберіледі. Рецензенттің қайта өңдеулерді қажет ететін ескертулері болса, түзету мақсатында мақала авторына қайта жіберіледі.  

Рецензент қолжазба материалдарына қатысты мүдделер қайшылығы туындаған жағдайда рецензиялаудан бас тартуға құқылы. Рецензент мақаланы жариялаудан бас тартатыны туралы редакцияға жазбаша немесе ауызша түрде хабарлауға міндетті. Дәлелді бас тарту қолжазба келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде редакцияға жіберіледі.

Егер автор мен рецензенттер арасында қолжазбаға қатысты шешілмейтін қарама-қайшылықтар болса, редакция қолжазбаны қосымша рецензиялауға жіберуге құқылы. Даулы жағдайларда шешімді бас редактор редакция алқасының отырысында қабылдайды. Отырыс шешімі бойынша жариялауға ұсынылмаған мақала қайта қарастыруға қабылданбайды. Жариялаудан бас тарту туралы хабарлама авторға журнал сайты арқылы жіберіледі.

Авторлар рецензия жіберілген күннен бастап екі аптаға дейін материалдың түзетілген нұсқасын қайтармаса, тіпті авторлардың мақаланы қайта қараудан бас тартуы туралы ескертпесе де, редакция оны есептен шығарады, авторға ескертіліп хабарлама жіберіледі.

Редакциялық алқа мақаланы жариялауға жіберетіні туралы шешімін қабылдағаннан кейін, редакция бұл туралы авторға хабарлайды және жариялану мерзімін көрсетеді.

Рецензенттер ғылыми мақалаларды бағалау кезінде төменде аталған негізгі ұстанымдарды басшылыққа алуы керек:

- тақырыптық мамандандыруға сәйкес қолжазбаларды сараптамадан өткізуге;

- рецензиялауды уақтылы жүзеге асыруға;

-  сараптау бағалауының құпиялылығын сақтауға;

-  қолжазбаға объективті баға беруге;

- пікір беру барысында кемсітетін немесе беделіне нұқсан келтіретін  түсіндірмелер беруге;

- өзі жеке шешім қабылдауы мүмкін болмаған жағдайда, редакцияға хабарласып, ықтимал мүдделер қақтығысы болғанын жариялауы тиіс.

Пікірлер журнал сайтында сақталады.

Авторлар үшін:

 Қолжазбаны редакцияға жібере отырып, автор/авторлар ешкімнің авторлық құқығын бұзбағанына кепілдік береді. Мақалаларды редакцияға жіберу авторлардың баспагер, А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты, журналда мақалалар басып шығару және оларды кез келген шет тілінде қайта басып шығару құқығына келісімін білдіреді. Авторлар журнал баспагеріне, А.Қ.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институтына шектеусіз мерзімге айрықша құқықтар береді:

Журнал даналарының таралымын шектемей, туындыны қайта шығару құқығы (туындыны жариялау, қайта жариялау, тираждау немесе өзге де көбейту), туындыны кез келген тәсілмен тарату құқығы. Бұл ретте көбейту кезінде туындының әрбір данасында туынды авторының/авторларының аты-жөні қамтылатын болады;

✓ туындыға қосу құқығы;

✓ барша оқырман назарына жеткізу құқығы;

✓ метадеректерді пайдалану құқығы (атауы, автордың (құқық иеленушінің) аты-жөні, аңдатпалар, библиографиялық материалдар, туындының толық мәтіні және т. б.).

Автор/авторлар туындыны қолдану құқығының аясын шектемеуге келісім береді.

Автор/авторлар сондай-ақ, журнал баспагеріне мерзімі бойынша (тегі, аты, әкесінің аты, білімі туралы мәліметтер, жұмыс орны және атқаратын қызметі туралы мәліметтер) шектеусіз өзінің дербес деректерін сақтау және өңдеу құқығын береді. Дербес деректер оларды әртүрлі деректер базалары мен ақпараттық жүйелерде сақтау және өңдеу, оларды талдамалық және статистикалық есептілікке енгізу, ғылым, әдебиет және өнер туындылары объектілерінің дербес деректермен негізделген өзара байланысын құру және т.б. үшін беріледі.

Автор/авторлар зияткерлік меншік объектілерін, авторлық құқық объектілерін ғылыми мақалада заңсыз пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес толық көлемде жауап береді.

Автор/авторлар журнал баспагерінің шығарманы плагиатқа тексеруге келісімін береді.

Автор/авторлар жіберілетін мақала бұрын еш жерде жарияланбағанын, жіберілмегенін және басқа ғылыми басылымдарға жариялау үшін жіберілмейтінін растайды.

Автор журнал туралы жалпы ақпаратпен, мақалаларды қарастыру тәртібімен, авторларға арналған нұсқаулықпен, жарияланым этикасын қамтитын журналдың редакциялық саясатымен танысты.

Ғылыми мақала авторы жалған немесе анық емес мәліметтерді қолданса, журнал этикасына жатпайды. Басқа автордың мақаласын жеке мақаласы ретінде жариялауға ұсынса, немесе біреудің мақаласының маңызды бөліктерін сілтемесіз қолданса, плагиат расталған жағдайда мақала авторы жарияланымнан шеттетіледі.

Егер мақалада бірнеше автор болса, бірлескен авторлар қарап, бірге мақұлдауы керек, содан кейін оны жариялау үшін ұсыну керек.

Автор өзінің жарияланған жұмысында елеулі қате немесе дәлсіздік байқаса, автор журнал редакторына немесе баспагерге дереу хабарлауға және мақаланы қайтарып алу немесе түзету үшін редактормен ақылдасуға міндетті.

Егер редактор немесе баспагер үшінші тараптан жарияланған жұмыста айтарлықтай қате бар екенін білсе, автор мақаланы дереу қайтарып алуға немесе түзетуге немесе редакторға түпнұсқа мақаланың дұрыстығын дәлелдеуге міндетті.

Ұсынылатын мақалаларға қойылатын талаптар.

✓ Мақала редакцияның талаптарына сәйкес рәсімделуі тиіс,

✓ мақала жөнелту кезінде оның жарияланбауы немесе басқа басылымның қарауында болмауы тиіс,

✓ түпнұсқа зерттеулердің нәтижелері болуы қажет,

✓ тек автордың/авторлық ұжымның жұмыс нәтижелерінің қамтылуы (басқа тұлғалардың қосылуына жол берілмейді).

Мақала жіберілген кезде барлық авторлар осы журналдағы жарияланыммен келіседі және мақалада авторларды жариялау тәртібіне қарсы емес екені ескеріледі,

✓ дәйексөз тізімінде тек зерттеу барысында пайдаланылған рецензияланған дереккөздер болуы керек,

✓ мақалада барлық пайдаланылған дереккөздер көрсетілуі тиіс.

Loading...