КӨРКЕМ МӘТІНДЕГІ КОНЦЕПТІЛІК ӨРІС (Мұхтар Мағауиннің «Қыпшақ аруы» романы негізінде)
Кілт сөздер:
концепт, концептілік өріс, когнитивті негіз, ұлт мәдениеті, ассоциация, көркем мәтін, өнер, тұжырым.Аңдатпа
Бұл мақалада концепт, концептілік өріс туралы ақпарат беріліп, концептуалдық талдау түрлері қарастырылады. Концептілер жүйесін яғни концептосфераны ұлтың мәдениетін, материалдық және рухани құндылықтарын зерттеуге жол ашатын элемент деп тануға болады. Осы орайда қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері мен дүниетанымын қазақ әдебиетінің көркем концептосферасын зерттеу арқылы талдауға болады. Ол үшін әдебиетіміздегі жазушылардың жеке концептосферасы қарастырылуы қажет. Бұл зерттеуде қазақ әдебиетінің классигі М.Мағауиннің жазушы ретіндегі жеке концептосферасы талданады. Патриоттық сананы қалыптастыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту мақсатында таңдалып алынған жазушының поэтикалық тіліндегі «өнер», «еркіндік», «ер», «әйел», «сұлулық» концептілерінің мәнін ашатын ұғымдар айқындалады. Жазушы туындыларындағы концептілердің табиғатын осындай үлгімен талдау оның ғалам, өмір, тіршілік жөніндегі концептуалды тұжырымдарын анықтауға мүмкіндік береді. Зерттеу барысында дәстүрлі ғылыми сипаттама және семантикалық, концептуалдық талдау - жинақтау, салыстыру, жіктеу әдістері қолданылады.
Жүктеулер
Жарияланды
Нұсқалар
- 2022-05-04 (2)
- 2022-03-24 (1)