Ш.ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ «ТҮРІК, ҚЫРҒЫЗ-ҚАЗАҚ ҺӘМ ХАНДАР ШЕЖІРЕСІНДЕГІ» ҚАЗАҚ РУЛАРЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕРДІҢ ТАРИХИ НЕГІЗІ

Ш.ҚҰДАЙБЕРДІҰЛЫНЫҢ «ТҮРІК, ҚЫРҒЫЗ-ҚАЗАҚ ҺӘМ ХАНДАР ШЕЖІРЕСІНДЕГІ» ҚАЗАҚ РУЛАРЫ ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕРДІҢ ТАРИХИ НЕГІЗІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2026-1.25

Кілт сөздер:

қазақ тарихы, тарих пен әдебиеттегі сабақтастық, қазақ шежіресі, Ш.Құдайбердіұлы шығармашылығы, «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі», қазақ рулары, деректі проза

Аңдатпа

Ғылыми мақалада қазақ поэзиясының көрнекті ақыны Шәкәрім Құдайбердіұлының қазақтың жазбаша көркем тарихының дамуына үлес болып қосылған «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі» нысанаға алынып, ондағы қазақ рулары туралы мәліметтердің тарихи негізі туралы сөз етіледі. Сондай-ақ, ақын шежіресінің тарихи мәліметтермен сәйкес келуі дәлелді дәйектермен  сараланып, қазақтың рулары туралы мәліметтердің тарихи негізі ғылыми-теориялық тұрғыдан зерделенеді.  

Қазақ әдебиетінің тарихындағы шежірелік шығармалар - ұлттық сөз өнеріндегі алғашқы жазба үлгілерінің бірі. Жазба әдеби дәстүрдің қалыптасуында іргетас болып қаланған бұл туындылар әдеби дамудағы тарихилық заңдылығы аясында бағаланады.

Шәкәрім Құдайбердіұлының «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресінің» қазақ халқының шығу тегі мен шежіресінің қалыптасу тарихына тигізетін әсері орасан зор. Мақалада шежіре қазақ дүниетанымының және тарихи білімінің көрсеткіші, ұлттық тарих үшін аса маңызды деректер қоры екендігі мысалдар негізінде дәлелденеді.

Ш.Құдайбердіұлының шежіресі нақтылығымен, ғылыми негізде жүйеленуімен, жалпы түркі халықтары ата тегінің түп төркінін қамти отырып, негізінен, қазақ халқының шежіресіне баса назар аударуымен ерекшеленетіндігі де айқындалып, шығарма қазақ халқының тарихын ғылыми негізде баяндау және қазақтың түп атасын анықтап ашып беру мәселесінде тарихи маңызы зор екендігі тілге тиек етіледі.

Тарих, этнография, тарихи оқиғалар, тарихи тұлғалар, тарихи аңыздар  туралы құнды мәліметтер беріліп,  қазақ тарихындағы  деректер көзі болып табылатын ақын шежіресіндегі мағлұматтар мақалада нақтылы деректермен салыстырыла қарастырылып,  ақынның қазақ әдебиетіндегі деректі прозаның дамуына қосқан үлесі жаңа көзқараста зерделенеді.

Авторлар туралы мәліметтер

Айымгуль Сейпутанова, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті

филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессоры

*Асем Нурланова, Казахстанско-Американский свободный университет

филология ғылымдарының кандидаты,  профессор

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-31

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану
Loading...