*АБАЙДЫҢ АҚЫНДЫҚ КІТАПХАНАСЫ: ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ТҮРКІ ПОЭЗИЯСЫ ДӘСТҮРІ, ПОЭТИЧЕСКАЯ БИБЛИОТЕКА АБАЯ: ТРАДИЦИИ СРЕДНЕВЕКОВОЙ ТЮРКСКОЙ ПОЭЗИИ

*АБАЙДЫҢ АҚЫНДЫҚ КІТАПХАНАСЫ: ОРТАҒАСЫРЛЫҚ ТҮРКІ ПОЭЗИЯСЫ ДӘСТҮРІ, ПОЭТИЧЕСКАЯ БИБЛИОТЕКА АБАЯ: ТРАДИЦИИ СРЕДНЕВЕКОВОЙ ТЮРКСКОЙ ПОЭЗИИ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2025-3.15

Кілт сөздер:

Абайтану, ақындық кітапхана, өлең түрі, ортағасырлық түркі жазба поэзиясы, шағатай тілі, шайырлық шеберлік, мухаммас, шығыс мұсылман әдебиеті.

Аңдатпа

Аннотация. Абай поэзиясын өлең түрлері бойынша зерттеу абайтану тарихындағы ғылыми негізде орнығып, өріс жайған іргелі бағыт болып табылады. Ахмет Байтұрсынұлы «Әдебиет танытқыш» еңбегінде Абай өлеңінің құрылысы, өлеңдік түр, өлшеміне арнайы тоқталды. Бұл тұрғыда Ілияс Жансүгірұлы, Ғабдрахман Сағди пікірлеріне (1922, 1923 жж.) де аса мән беріледі. Абай поэзиясының  дәстүрлі негіздері М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Тоғжанов, Е.Ысмайылов, Қ.Жұмалиев, З.Ахметов, З.Шашкин, А.Нұрқатов еңбектерінде жан-жақты сараланады. Абайтану тарихында өлең түрлерін қазақ поэзиясының поэтикалық тұғырлары; Шығыс классикалық әдебиеті мен Батыс, орыс поэзиясы ықпалдастығында зерттеу ұстанымдары айқындалып, орныққан ғылыми бағыт түзді. Кез-келген ғылыми мәселенің кезеңдік сипаты болатындығы тұрғысында абайтануда Абай поэзиясын өлеңдік түр негіздерінде, дәстүрлер тоғысы аясында зерттеуді жалғастыру өзектілігі айқын. Кеңестік жүйеде Абай поэзиясындағы шығыстық арқаулар, ортағасырлық түркі поэзиясы дәстүрлері бойынша арнайы тақырыптық зерттеулер жүргізу мүмкіндігі шектеулі болды. Абай поэзиясындағы өлеңдік өлшемдерге орыс поэзиясы ықпалында туып, орныққан түр дегендей басымдық берілді. Бас абайтанушы М.Әуезовтің Абай бала кезде бет бұрған шығыстық жағалаудан өмірінің ақырғы кезеңінде шығарған «Алланың өзі де - рас, сөзі де – рас» туындысына шейін бас тартқан емес деген тұжырым, тоқтамы Абай өлең түрлерін зерттеуде қағаберіс қалғаны белгілі. Абай және Шығыс тақырыбындағы М.Мырзахметов зерттеулерінде, Ө.Күмісбаев еңбектерінде Шығыс поэзиясының жанрлық түрлері, поэтикалық айрықшалықтары аталып отырғанымен, нақтылы өлеңдік түр дәстүрін Абай өлеңімен салыстыра зерделеуге мүмкіндік болған жоқ. Тәуелсіздік дәуір қазақ әдебиеті тарихын араб классикалық әдебиетімен, ортағасырлық түркі поэзиясы жазба дәстүрімен сабақтастыра, салыстыра зерделеуге жол ашқанымен, маман тапшылығында, ғылымның қаржыландырылу мәселесінде бұл өзекті ғылыми-теориялық бағыт қауырт қолға алына қоймады. Бұл мақалада Абайдың шығармашылық мұрасына ортағасырлық түркі әдебиетінің қатысы, әсері нақты талдаулар арқылы талданып беріледі.

Авторлар туралы мәліметтер

Қанипаш Мәдібаева, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты

– филология ғылымдарының докторы, бас ғылыми қызметкері,

*Нұр Мағазбеков, М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты

– филология ғылымдарының магистрі, ғылыми қызметкері

Айдана Жұматаева, Алматы гуманитарлық-экономикалық университеті

 – филология ғылымдарының кандидаты, доценті,

Жүктеулер

Жарияланды

2025-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану
Loading...