ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ ЖЕКЕ ЖҰЛДЫЗДАРДЫҢ ХАЛЫҚТЫҚ КОСМОНИМДІК АТАУЛАРЫ ЖАЙЫНДА

ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛІНДЕГІ ЖЕКЕ ЖҰЛДЫЗДАРДЫҢ ХАЛЫҚТЫҚ КОСМОНИМДІК АТАУЛАРЫ ЖАЙЫНДА

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2026-3.11

Кілт сөздер:

халықтық космоним, уақыт пен кеңістік түсінігі, этнолингвистика, мифологиялық семантика, навигация және бағдар, салыстырмалы талдау, тарихи-когнитивті модель, қазақ және ағылшын мәдениеті, Темірқазық

Аңдатпа

Мақалада қазақ, ағылшын тілдеріндегі халықтық жұлдыз атауларының тарихи, лингвомәдени, мифологиялық ерекшеліктері салыстыра зерттеледі. Халықтық астрономияның тұрақтылық, мифологиялық модель, навигациялық маңыздылық принциптері талданады. Ғылыми негіз - Ароновтың қазақ космонимдерінің этнолингвистикалық сипатына арналған еңбегі, англо-саксондардың, викингтердің жұлдыз атаулары жөніндегі Бернердің зерттеулері. Қазақ мәдениетіндегі Темірқазық, Ақбозат, Көкбозат атаулары жұлдыздардың тұрақтылығына негізделсе, ағылшын дәстүріндегі Поляр жұлдызы бағыт көрсетуші ретінде маңызды. Қазақ аңыздарындағы Бәйтерек пен Темірқазықтың аспан мен жер арасындағы байланысы, ағылшын тіліндегі "Divine nails", "Wodan’s path for souls", "Horn of Plenty" атаулары мифологиялық тұрғыдан салыстырылады. Навигациялық маңыздылық тұрғысынан, қазақ мәдениетінде Темірқазық бағдар жұлдызы саналады, ағылшын тілінде "Scip-steorra" (кеме жұлдызы), "Angel-sterne" (айналмалы жұлдыз), "leiðar-stjarna" (магнитті жұлдыз) терминдері қолданылады. Бұл атаулар - халықтық дүниетаным, уақыт, кеңістік түсініктерін қалыптастыруда маңызды элементтер. Зерттеуде салыстырмалы-тарихи, этнолингвистикалық, мәдени-мифологиялық талдау әдістері қолданылады. Қазақ, ағылшын мәдениеттеріндегі жұлдыз атауларының символдық, мифологиялық, шаруашылықтағы маңыздылығы анықталып, ұқсастықтары, айырмашылықтары сарапталады. Нәтижесінде, жұлдыз атауларының номинациялық принциптері, халықтық астрономияның мәдени-тарихи құндылығы зерттеліп, қоғамдағы маңыздылығы туралы тұжырымдар жасалады.



Авторлар туралы мәліметтер

*Марита Снабекова, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

– философия докторы (PhD),  аға оқытушы

Айсулу Нуртаева, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті

– философия докторы (PhD), аға оқытушы

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі
Loading...