*ЭТНОМӘДЕНИ КОМПОНЕНТТІҢ ТІЛ МЕН МӘДЕНИЕТ САБАҚТАСТЫҒЫНДАҒЫ ОРНЫ
DOI:
https://doi.org/10.55808/1999-4214.2025-3.07Кілт сөздер:
этномәдени компонент, тіл, мәдениет, фразеологизм, мақал-мәтелдер.Аңдатпа
Мақалада этномәдени компоненттің тіл мен мәдениет сабақтастығындағы орны кеңінен қарастырылады. Әр ұлттың тілі мен мәдениетінің өзара байланысы, олардың тарихи дамуындағы сабақтастық, ұлттық құндылықтарды тілдік бірліктер арқылы жеткізу мәселелері талданады. Этномәдени компоненттің сақталуы мен қолданыста болуы – ұлттың рухани тұтастығы мен мәдени тәуелсіздігінің негізі екені айқындалады. Осыған орай, мақалада тіл мәдениетті бірлікте қарастыру қажеттілігі, олардың бөлінбес табиғаты туралы тұжырымдар жасалып, этномәдени ұғымдардың қоғамдық санадағы орны мен ықпалы көрсетіледі.
Мақаланың басты мақсаты – этномәдени компоненттің тілдік бірліктер арқылы көрініс табуын анықтау, тіл мен мәдениет арасындағы сабақтастықты ашып көрсету, сондай-ақ көркем шығармалардағы этномәдени мазмұнды талдау арқылы ұлттық болмыстың тілде қалай бейнеленетінін ғылыми тұрғыда негіздеу. Осы мақсатымызға жету үшін алдымызға келесі аталған міндеттерді қойдық: этномәдени компонент ұғымының мәнін ашу, оған қатысты ғылыми еңбектерге шолу жасау, тіл мен мәдениет арасындағы өзара байланыс пен сабақтастықты теориялық түрғыда негіздеу, фразеологизмдер этномәдени мазмұнын анықтау, талдау.
