ҚАЗІРГІ ҒЫЛЫМИ КОММУНИКАЦИЯДАҒЫ ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ ЭЛЕМЕНТТЕР
DOI:
https://doi.org/10.55808/1999-4214.2025-4.02Кілт сөздер:
терминологиялық элементтер, ғылыми коммуникация, ғылыми-кәсіби дискурс, ғылыми ақпарат, терминтанымАңдатпа
Зерттеуде қазіргі қазақ ғылыми коммуникациясындағы терминологиялық элементтердің жұмсалымдық ерекшеліктері қарастырылады. Сонымен қатар ғылыми-кәсіби дискурста қазақ терминдерінің құрылымы, семантикасы мен прагматикасына басты назар аударылады. Терминологиялық элементтердің ғылыми ақпаратты берудегі дәлдігі, бірегейлігі және тиімділігі жан-жақты талданады. Ұлттық-мәдени және танымдық ерекшеліктерді ескере отырып, терминдерді қалыптастыру, бейімдеу және өзектендіру үдерістері қарастырылады. Ғылыми байланыстың дәлдігі мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін терминологияны жүйелі бақылау мен стандарттаудың маңыздылығы атап өтіледі. Терминологиялық бірліктерді қалыптастыру және қолдану кезінде танымдық және мәдени-тілдік деректерді ескерудің маңыздылығына баса назар аударылады. Әдістемелік негіз ретінде концептуалды және фреймдік талдау әдістері, салыстырмалы және мәнмәтіндік тәсілдер, сондай-ақ семантикалық үлгілеу элементтері қолданылады.
Зерттеу нәтижелері терминологиялық элементтердің қазақ тіліндегі ғылыми ұғымдарды білдірудің негізгі құралы ретіндегі маңыздылығын көрсетеді және оларды терминтаным зерттеулерінде, лингвистикада, сондай-ақ ғылыми, кәсіби аударма және білім беру тәжірибелерінде қолдануға болады.
