ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ЖАСТАР ПРОЗАСЫНДАҒЫ МИСТИКАЛЫҚ ХРОНОТОП ЖӘНЕ МИФТІК СИМВОЛИЗМ

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ЖАСТАР ПРОЗАСЫНДАҒЫ МИСТИКАЛЫҚ ХРОНОТОП ЖӘНЕ МИФТІК СИМВОЛИЗМ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2026-3.27

Кілт сөздер:

мифопоэтика, мистикалық проза, хронотоп, қазақ әдебиеті, символика,, архетип, жастар прозасы

Аңдатпа

Мақалада қазіргі қазақ жастар прозасындағы мистикалық хронотоп пен мифтік символика көркемдік, психологиялық және архетиптік қырлар тұрғысынан қарастырылады. Зерттеуде түн, ай сәулесі, тылсым кейіпкерлер мен шекаралық күй сияқты мотивтердің кейіпкердің трансформациясы мен оқиға құрылымына қалай ықпал ететіні талданады. Лира Қоныс пен Мәдина Омарова шығармаларын негізге ала отырып, автор мифопоэтикалық образдар мен архетиптік құрылымдардың қазіргі проза контексінде жаңаша көрініс табуын көрсетеді. Зерттеудің әдістемелік негізі ретінде мифопоэтикалық талдау, Юнгтің архетиптік психологиясы және Бахтиннің хронотоп теориясы қолданылады. Нәтижесінде, мистикалық кеңістік кейіпкердің ішкі өзгерісіне себепкер болатын шекаралық, инициациялық және рухани кеңістік ретінде сипатталады. Мақалада миф пен мистика эстетикалық құрал ғана емес, ұлттық мәдени жадқа негізделген этикалық және дүниетанымдық код ретіндегі қызметімен маңызды екені дәлелденеді.

Авторлар туралы мәліметтер

*Асемгул Утешова, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

–  PhD докторант 

Нұрсұлу Мәтбек , әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

– филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану
Loading...