ПОДКАСТТАРДАҒЫ КИБЕРСЛЕНГТЕРГЕ ЛЕКСИКАЛЫҚ ЖӘНЕ СЕМАНТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ

ПОДКАСТТАРДАҒЫ КИБЕРСЛЕНГТЕРГЕ ЛЕКСИКАЛЫҚ ЖӘНЕ СЕМАНТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ

Авторлар

  • - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
  • - Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2025-4.08

Кілт сөздер:

киберсленг, интернет-сленг, подкаст, лексикалық талдау, семантикалық талдау.

Аңдатпа

Мақалада, подкасттар күнделікті өмірдің айрылмас бөлігі болғандықтан, медиа кеңістігінде жиі тұтынылып отырғандықтан, танымал атап айтқанда «YouTube» және «Narikbi Live»  платформаларынан алынған киберсленг немесе интернет сленгтердің қалыптасуына үлес қосып отырған жайтты зерттейді. Заман талабына сай, компьютерге қатысты сленгтер немесе киберсленгтер күнделікті ауызекі лексикада қолданысқа ие. Бұл құбылысты аталмыш заманауи платформада кездестіруге болады.

Бұл зерттеудің мақсаты киберсленгтің лексикалық және семантикалық сипаттамаларын талдау болып табылады, арнайы лексиканы бейімдеу стратегияларын анықтау, сонымен қатар әртүрлі танымал подкаст форматтарының салыстыра отырып тиімділігін анықтау.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы подкасттарды медиа дискурстың жанры ретінде қарастыруға мүмкіндік орнатады. Жинақталған киберсленгтердің түсіндірмелерін анықтау үшін мазмұнды талдау жүргізілді, подкасттардан алынған мысалдарды пайдаланды. Зерттеу мақсатына қол жеткізу мақсатында сандық (qualitative) әдісті пайдалана отырып, соның ішінде лексика-семантикалық талдау, мазмұндық талдау және салыстырмалы талдау жасалынды. Подкасттарға танымалдылық деңгейіне сәйкес, тақырыптың өзектілігі бар және форматы сияқты критерийлер негізінде таңдау жасалынды.

Бұл зерттеудің нәтижелері лингвист мамандары үшін құнды ресурс бола алады және ауқымды аудиториядағы білім үшін пайдалы болады.

Авторлар туралы мәліметтер

-, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– PhD докторант

 

 

-, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-31

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі
Loading...