КІРМЕ СӨЗДЕРДІҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ («ШЕЖІРЕ-И ТЕРАКИМЕ» ЕҢБЕГІ НЕГІЗІНДЕ)

КІРМЕ СӨЗДЕРДІҢ СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ («ШЕЖІРЕ-И ТЕРАКИМЕ» ЕҢБЕГІ НЕГІЗІНДЕ)

Авторлар

Кілт сөздер:

Түйін сөздер: кірме сөздер, араб, парсы, моңғол элементтері, түркі тілдері, этимология, семантика.

Аңдатпа

Аңдатпа. Тіл  тарихи категория болғандықтан оның құрамы да уақыт өткен сайын өзге тілдерден енген кірме элементтермен, жаңа сөздермен толығып отырады. Сонымен бірге, тіліміздегі төл сөздердің актив және пассив қабаттарға ауысып өзгеріп отыруы сөздік қордың қалыптасуына айтарлықтай әсер етеді.

Зерттеу мақалада «Шежіре-и теракиме» шығармасында кездесетін кірме сөздердің этимологиясы, қолданылу жиілігі, мағыналық ерекшеліктері жайлы қарастырылады. Шығарма тілінде кездесетін кірме сөздерге этимологиялық талдаулар жасалып, лексика-семантикалық топтарға жіктеледі. Кірме сөздердің морфологиялық жасалу жолы, түбір сөздер мен сөзжасамдық жұрнақтардың қолданылу ерекшеліктері де зерттеледі. Зерттеу барысында араб, парсы тілдерінен енген кірме сөздердің қазақ тілінің сөздік қорында алатын орны мен маңызыдылығы сөз болады. Кірме сөздерге этимологиялық талдаулар жасалып, мысалдармен дәлелденеді. Кірме элементтердің лексика-семантикалық ерекшеліктеріне, фонетикалық өзгешеліктеріне тоқталып, оларға лингвистикалық аспектіде анализ жасалады. Салыстырмалы әдістер арқылы сөздердің көне мәтіндер мен жазба ескерткіштер тіліндегі қолданылуына, түбірлер мен қосымшалардың тарихи дамуына қатысты ғылыми тұжырымдар келтіріледі. Сонымен қатар, тарихи шығармадағы кірме сөздердің қолданылу жиілігі, статистикасы беріледі. «Шежіре-и теракиме» шығармасында кездесетін тіл бірліктерін лингвистикалық аспектіде талдау шағатай тілі мен қазақ тілінің арасындағы тарихи сабақтастықты айқындауда қашан да маңызды болмақ.

 

Авторлар туралы мәліметтер

Қуанышбек Кенжалин, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– PhD, доцент

Досжан Балтабай, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– PhD докторант

Жүктеулер

Жарияланды

2023-01-06

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі
Loading...