ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН МИФОЛОГЕМАЛАРЫНЫҢ ЛИНГВОМӘДЕНИ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ: САЛЫСТЫРМАЛЫ МӘДЕНИЕТАРАЛЫҚ ТАЛДАУ
DOI:
https://doi.org/10.55808/1999-4214.2026-1.03Кілт сөздер:
мифологема, салыстырмалы талдау, мәдени сәйкестік, лингвомәдениеттану, мифология, архетип, мәдениетаралық зерттеуАңдатпа
Бұл зерттеу мифологемаларды – қазақ және ағылшын тілдерінде кодталған негізгі мифтік концепттерді және олардың мәдени бірегейлікті қалыптастырудағы рөлін қарастырады. Лингвомәдениеттану мен мәдени семантика тұрғысынан “Жалмауыз Кемпир”, “Әзірейіл”, “Банши” және “Грим Рипер” бейнелері талданады. Зерттеуде Британ ұлттық корпусының, қазақ тілінің ұлттық корпусының деректері, көркем мәтіндер мен фольклорлық дереккөздердін қамтитын салыстырмалы сапалық тәсіл қолданылды. Әрбір мифологема өзінің лингвистикалық және мәдени контекстінде қарастырылып, лексикалану және метафоралануға ерекше назар аударылды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, бұл бейнелердің әмбебап архетиптік ортақ белгілері болғанымен, өлім немесе зұлымдық ұғымдарымен байланысына қарамастан, олардың тілдік көріністері мен семантикалық мағыналары мәдени тұрғыдан ерекше. Мысалы, қазақ дәстүрінде “Жалмауыз кемпір” балаларды жейтін тіршілік иесі ретінде бейнеленген, ал “Банши” өлімнің хабаршысы ретінде қызмет етеді. Сол сияқты, қазақ дискурсындағы “Әзірейіл” тағдыр ұғымымен байланысты болса, ал ағылшын тіліндегі “Грим Риппер” өлімнің қорқынышты әрі бұлтартпас бейнесін білдіреді. Мәдени айырмашылықтарға қарамастан, мифологемалар идиомалар, метафоралар және медиа дискурс арқылы қазіргі тілде белсенді қолданыста болып, ұжымдық жады мен құндылықтар жүйесінің динамикалық тасымалдаушылары ретінде қызмет етеді. Зерттеу мифологемаларды өзгермелі әлеуметтік контексттерге бейімделгіш негізгі символдық мағыналарды сақтайтын лингвомәдени құрылымдар ретінде көрсетеді. Бұл салыстырмалы талдау жалпы мифологиялық мотивтердің әртүрлі мәдени-лингвистикалық шеңберде қалай түсіндірілетінін көрсетеді, осылайша мәдени сәйкестікті, этикалық нормаларды және ұлттық нарративтерді нығайтады.
