*КӨРКЕМ МӘТІНДІ КОМИКС ФОРМАТЫНА БЕЙІМДЕУДІҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ: ОТАНДЫҚ ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

*КӨРКЕМ МӘТІНДІ КОМИКС ФОРМАТЫНА БЕЙІМДЕУДІҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ: ОТАНДЫҚ ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2026-1.06

Кілт сөздер:

мәтінді бейімдеу, комикс, креолды мәтін, қазақ тілі, көркем әдебиет, әдеби шолу

Аңдатпа

Мақалада көркем мәтіндерді комикс форматына бейімдеу мәселесінің қазақ филологиясында қарастырылу деңгейі зерделенеді. Баяндаудың графикалық түрлеріне, атап айтқанда комикстерге қоғамдық қызығушылықтың артуына қарамастан, комикске негіз болатын түпнұсқа мәтіндерді бейімдеудің теориялық және әдістемелік негіздеріне арналған арнайы ғылыми зерттеулер отандық ғылымда жоқтың қасы екені анықталған. Әдеби шолу көрсеткендей, ғылыми жарияланымдар негізінен мәтінді ықшамдауға, жеңілдетіп түрлендіруге қатысты болса, мәтіннің бейвербалды компоненттерімен жұмыс істеу қағидалары зерттеушілердің назарынан тыс қалып отыр. Авторлар мәтінді комикстерге бейімдеу тек ықшамдаудан ғана емес, сондай-ақ филологтар мен суретшілер қатысатын кешенді жұмысты қажет ететінін атап көрсетеді. Ерекше маңызды аспект – визуализацияланатын түпнұсқа мәтіннің негізгі элементтерін анықтау және оларға мәдени, семантикалық және прагматикалық жүктемені ескере отырып, түсініктемелерді әзірлеу. Бейімдеу тек балалар әдебиетімен шектелмеуі керектігі атап өтіледі: дұрыс ұйымдастырылған жұмыс арқылы мазмұны мен құрылымы жағынан күрделі көркем шығармалардың графикалық нұсқаларын жасауға болады. Осылайша, мақалада қазақ тіліндегі мәтіндерді визуалды-графикалық форматқа бейімдеудің ғылыми негізделген әдістемесін қалыптастыру қажеттілігі негізделеді, ол ұзақ мерзімді перспективада ұлттық комикс туындысын дамытуға, қазақ тілі мен әдебиетін насихаттауға, оқытуға, сонымен қатар оқырмандар аудиториясын кеңейтуге ықпал етеді.

Авторлар туралы мәліметтер

Гулгул Искава, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті

- философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор

Гульден Тлеубердина, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті

- филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор

*Әділет Таңсықбай, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті

философия докторы (PhD), лектор

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-31

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі
Loading...