ШЫҒЫС ПЕН БАТЫС АРАСЫНДАҒЫ КҮЛКІ: АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ ЖӘНЕ АНРИ БЕРГСОН

ШЫҒЫС ПЕН БАТЫС АРАСЫНДАҒЫ КҮЛКІ: АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ ЖӘНЕ АНРИ БЕРГСОН

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2025-4.18

Кілт сөздер:

Абай Құнанбайұлы, Ғақлия кітабы, Анри Бергсон, Тұғрұл қолжазбасы, Мүрсейіт қолжазбасы, күлкі, орыс тіліне аударма

Аңдатпа

Мақалада Абай Құнанбайұлының Ғақлия кітабының екінші бабының төте жазумен жазылған Тұғрұл қолжазбасынан кирилл графикасына алғаш рет транскрипцияланған жаңа мәтіні ұсынылады. Зерттеу барысында Тұғрұл мен Мүрсейіт нұсқаларының салыстырмалы талдауы жүргізіліп, олардың лексикалық, фонетикалық, морфологиялық және семантикалық ерекшеліктеріндегі айтарлықтай айырмашылықтар анықталды. Алғаш рет ғылыми айналымға бұрын академиялық және аударма басылымдарда қате оқылған немесе бұрмаланып түсіндірілген тұрақты тіркестері мен сөз орамдары енгізілді. Мысалы, басылымдарда орныққан әрбір мастың сөйлеген кезінде бас ауыртатұғынын тіркесі нақтылаудың нәтижесінде уә әрбір мастың айыққан кезінде басы ауыратұғынын түрінде беріліп, түпнұсқаның философиялық мәні дәлірек ашылды. Зерттеу нәтижесінде түпнұсқа дереккөзге сүйене отырып, екінші тараудың жаңа орысша аудармасы дайындалып, бұрын жарық көрген нұсқалармен (Виктор Шкловский, Клара Серикбаева мен Роллан Сейсенбаев, Сәтімжан Сәнбаев, Ербол Жұмағұл) салыстырмалы талдау жасалды. Жұмыстың қорытындысында Абай мен Анри Бергсонның көзқарастары “Ғақлия кітабының» екінші тарауы мен “Күлкі. Комикалықтың мағынасы жайлы эссe” (“Le Rire. Essai sur la signification du comique”) шығармалары негізінде философиялық-компаративтік тұрғыдан салыстырылды. Зерттеу нәтижелері екі ойшылдың күлкіге қатысты адамгершілік-философиялық және әлеуметтік түсініктерінің жақындығын көрсетіп, комикалықтың этикасы мен эстетикасын пәнаралық тұрғыда зерделеудің жаңа мүмкіндіктерін ашады.

Автор туралы мәліметтер

Бактияр Бутеев, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

философия докторы (PhD)

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-31

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану
Loading...