КӨНЕ ТҮРКІ ЖАЗБА МҰРАЛАРЫНДАҒЫ «МӘҢГІЛІК» МОТИВІНІҢ ЖЫРЛАНУЫ

КӨНЕ ТҮРКІ ЖАЗБА МҰРАЛАРЫНДАҒЫ «МӘҢГІЛІК» МОТИВІНІҢ ЖЫРЛАНУЫ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2025-4.16

Кілт сөздер:

мотив, деталь, көне түркі, дәстүр, жарық.

Аңдатпа

Адам баласы тылсым күшке, ғажайыпқа сену арқылы жетістіктерге жетіп келетіні ақиқат. Сондай-ақ, адам жаратылсынан жақсылыққа, ізгілікке, әдемілікке құштар. Дейтұрғанмен ізгіліктің де, әдеміліктің де қарама-қарсы теріс жағы бірге жасап келеді. Мәңгілік билік, шексіз байлық, ашкөздік т.б. теріс ұғымдар ізгіліктің көлеңкесінде, тасада қалуы заңдылық. Демек, мәңгілік мотиві арқылы көне замандардан келе жатқан наным-сенімдер арқылы ұлттық бірегейлікті сақтаудың мәселесі қоғамдық ғылымдар саласында өзекті тақырыптардың бірі. Мақалада көне жазба ескерткішеріндегі «мәңгілік» сөзі «бейне», «су», «өмір», «алау», «ел», «тас», «жарық» сөздерімен тіркесіп келуі талданып, халқымыздың болмысы, дүниетанымы, өмірлік қағидаттары сараланған. Алтай Аманжолов, Немат Келімбетов, Ғұбайдола Айдаров, Құлмат Өмірәлиев, Рабиға Сыздық, Мырзатай Жолдасбеков, Алма Қыраубаева т.б., ғалымдардың көне түркі әдебиетін зерттеудегі тұжырымды ойлары негізге алынған. Әдебиеттегі «Мәңгілік бейне / образ» мәселесін талдау арқылы ізгілік қағидаттарының алғышарттары мен жалпыадамзаттық құндылықтардың негізгі өзегі туралы мәселелер қарастырылған.

Автор туралы мәліметтер

Аслан Алимбаев, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

– философия докторы (PhD), аға оқытушы

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-31

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану
Loading...