*ШӘКӘРІМ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ «ОЯН» МОТИВІ

*ШӘКӘРІМ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ «ОЯН» МОТИВІ

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2026-3.26

Кілт сөздер:

Шәкәрім Құдайбердіұлы, мотив теориясы, оян мотиві, постотарлық әдебиет, интеллектуалдық сана, тарихи жад, ар кодексі

Аңдатпа

Мақалаға қазақ поэзиясына өз өрнегін салған философ ақын, Абай ақындық мектебінің бас шәкірті Шәкәрім Құдайбердіұлы поэзиясы арқау болған. Мақалада ақын поэзиясындағы «ояну» мотивінің поэтикалық және дүниетанымдық табиғаты қазіргі гуманитарлық ғылымдағы постотарлық әдебиет теориясы аясында кешенді түрде талданады. Ақын шығармашылығы ұлттық әдебиет тарихында ресми түрде ақталған кезеңнен бері тұрақты зерттеліп келе жатқанына қарамастан, оның поэзиясындағы рухани тәуелділік, сана бодандығы, ішкі ояну және ой еркіндігі мәселелері постотарлық теориялық тұрғыдан арнайы қарастыруды қажет етеді.

Зерттеудің мақсаты – Шәкәрім поэзиясындағы «ояну» мотивін тек ағартушылық немесе моральдық үндеу ретінде ғана емес, отарлық жағдайда қалыптасқан ұлттық сананы серпілтуге бағытталған көркем-танымдық концепт ретінде анықтау. Осы мақсатқа жету үшін ақынның дидактикалық-философиялық өлеңдері, ғылым, надандық, адамдық, жауапкершілік, білім мен билік арақатынасы туралы ойлары поэтикалық мәтін негізінде талданады.

Мақалада мәтіндік-герменевтикалық, поэтикалық-структуралық, семантикалық және концептуалдық талдау әдістері қолданылып, оян мотивінің лирикалық субъектіні қалыптастырудағы, поэтикалық үндеуді ұйымдастырудағы, этикалық бағдар берудегі және ұлттық сананы оятудағы қызметі айқындалады. Сонымен қатар, салыстырмалы-типологиялық тәсіл арқылы Шәкәрім поэзиясындағы оян идеясының қазақ ағартушылық дәстүріндегі орны мен өзіндік ерекшелігі көрсетіледі.

Зерттеу нәтижесінде Шәкәрім шығармашылығы постотарлық әдебиет теориясы тұрғысынан рухани деколонизацияның көркем формасы ретінде негізделеді. Ақын поэзиясындағы ояну мотиві сыртқы отарлық үстемдіктен бұрын саналық тәуелділікті еңсеруге бағытталған ішкі қарсылық дискурсы ретінде қарастырылады.

Ғылымды абсолютті игілік деп қабылдамай, оны адам ниетіне тәуелді күш ретінде пайымдауы Шәкәрімді білім мен билік қатынасын сыншыл тұрғыда бағалаған ойшыл деңгейіне көтереді.

Мақала Шәкәрім поэзиясын қазіргі постотарлық зерттеулер контексінде қайта пайымдауға, оның көркемдік және философиялық әлеуетін жаңа теориялық қырынан тануға үлес қосады. Зерттеу нәтижелері қазақ әдебиеттану ғылымындағы Шәкәрімтану бағытын әдіснамалық тұрғыда байытып, ақын мұрасын заманауи гуманитарлық ой кеңістігімен сабақтастыра қарастыруға мүмкіндік береді.

Авторлар туралы мәліметтер

*Елдос Тоқтарбай, Шәкәрім университеті

– гуманитарлық ғылымдар магистрі, ғылыми қызметкер

Қарлығаш Әубәкірова, Шәкәрім университеті

– философия докторы (PhD), аға оқытушы

Айман Тоқсамбаева , Шәкәрім университеті

– филология ғылымдарының кандидаты, профессор

Жүктеулер

Жарияланды

2026-09-30

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану
Loading...