*ҰЛТТЫҚ-МӘДЕНИ КОД НЕГІЗІНДЕГІ ВИРТУАЛДЫ ЖИ ЖҮЙЕСІ: ТІЛ ҮЙРЕНУШІЛЕРДІҢ ИКЕМДІ ДАҒДЫ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
DOI:
https://doi.org/10.55808/1999-4214.2026-1.32Кілт сөздер:
икемді дағды, қатысым, жасанды интеллект, деңгейлеп оқыту, сыни ойлау, айтылым, жазылым, оқылым, тыңдалымАңдатпа
Мақалада ұлттық-мәдени кодқа негізделген виртуалды жасанды интеллект (ЖИ) жүйесіне кіріктірілетін оқу-әдістемелік контентті жобалау ұстанымдары қарастырылған. Зертеу нысаны ретінде жүйенің өзі емес, болашақ цифрлық ортаға енгізуге дайын контенттік модель (ұлттық-мәдени кодқа сүйенген сценарийлер. Тапсырмалар кешен, бағалау рубрикасы және диалогтық спецификация) алынды. Контент дизайны дизайн-негізді зерттеу (Design-Based Research (DBR)) логикасымен кезең-кезеңімен жобалау-тексеру-нақтылау қағидасы бойынша ұйымдастырылды. Ұлттық-мәдени кодтар қолданбалы дидактикалық бірліктерге жіктеліп, олардың коммуникативтік қызметі айқындалды; мәдени кодтар икемді дағды индикаторларымен матрицалық сәйкестендірілді; тапсырмалар типологиясы мен контент спецификациясы жасалды; CEFR негізінде А2-В1 деңгейлік саралау жүзеге асырылды. Үлгі кейс ретінде «Денсаулық» тақырыбы бойынша мақал-мәтел, тұрақты тіркес және көп мағыналықты деңгейге сай кіріктіру көрсетіліп, «ұлттық-мәдени код – прагматика – икемді дағды» байланысы нақтыланды. Нәтижелер екі қабатты кері байланыс «тілдік түзету + мәдени-прагматикалық балама) логикасына сүйенген виртуалды тьюторға арналған контенттік құрылымды ұсынатынымен құнды. Алдағы кезеңде модель әртүрлі тақырыптар бойынша кеңейтіліп, тиімділігі эмпирикалық апробация арқылы дәлелденеді деп күтілуде.
