КӨРКЕМ АУДАРМАДАҒЫ ЛЕКСИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ГРАММАТИКАЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ

КӨРКЕМ АУДАРМАДАҒЫ ЛЕКСИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ГРАММАТИКАЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ

Авторлар

Кілт сөздер:

Көркем аударма, аударма тәсілдері, трансформация, лексикалық трансформация, грамматикалық трансформация, транслитерация, калькалау, этномәдени лексика.

Аңдатпа

Мақала­да көркем шығармалар­ды ек­­інші тіл­ге аудару барысын­да қолданылат­ын аударма трансформациялары­на талдау жасалды. Яғни, аудармашы көркем мәтін­ді оқырман­ға жет­­кізу барысын­да мәт­ін формас­ын нақ­ты жет­­кізу ар­­қылы қатар­ға кет­іп, алдың­­ғы қатар­ға мәтін­нің тартымдылы­­ғы ­мен көркемділіг­ін шығару­ды қоя­ды. Мақалада ­лексика­лық жә­не грамматика­лық трансформациялар­дың қолданылуы тура­­лы то­лық ақпараттар беріліп, мысалдармен талдаулар жасалынды. ­­Ауыл, жиен а­ға, қымыз, ұлыс, қобыз, зең­­гі баба, жырау, тома­ға, қара­­лы үй лексика­лық бірліктері­нің аудармалар­ы түпнұсқа­мен салыстырылды. Аудармашы­л­ар этномәдени бірліктер­ді аудару барысын­да көбі­не транслитерация, транскрипция, жуық аударма жә­не сипаттама аударманы кеңі­нен пайдалғандығ­ы байқалатыны, деген­мен ­де, аталмыш лексика­лық бірліктер­ді аудару кезін­де қолданыл­ған тәсіл­д­ер мәт­ін мәнмәтіні­не байланыс­ты таңдалына­тыны айқындалды.

Талдау барысын­да орыс жә­не ағылш­ын тілдерінде­­гі баламалары жақ­ын екенді­­гі анықтал­ып, яғни И. Есенберлин­нің «Көшпенді­л­ер»трилогия­сы ағылш­ын тілі­не орыс тілі­нен аударма жасалынғандығ­ы айқындалды. Соны­мен қа­т­ар, қазақ этномәдени бірліктер­ін орыс жә­не ағылш­ын тілдері­не аудару кезін­де қазақ халқыны­ның мәдение­ті, болмы­сы, ұлт­тық бояуы қаншалық­ты сақталған­ын, аударма тілдерін­де оқырман­ға қаншалық­ты түсінік­ті болатындығ­ы дәйектермен берілді.­Этномәдени бірліктер­ді б­­ір тіл­ден ек­­інші тіл­ге ұлт­тық ерекшеліктер­ін сақ­­тай отыра аудару қи­ын мәселелер­дің бірі бол­ып табыла­тындығын ескере отырып, көркем аударма­мен жұмыс істейт­ін аудармашы мәтін­ге шығармашылық­пен қарауы тиіс екендігі айтылады.

Зерттеу жұмысын­ың нәтижесі қазақ тілі­нің баламасыз неме­се этномәдени лексика­л­ар сөздіг­ін құрастыру­ға қолдану­ға бола­тындығына назар аударылды.

Авторлар туралы мәліметтер

Балгенже Карагулова, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

– филология ғылымдары­ның кандидаты, профессор

*Сандугаш Мухтарова, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті

– филология ғылымдары­ның кандидаты, аға оқытушысы

Жүктеулер

Жарияланды

2024-02-09

Журналдың саны

Бөлім

Тіл білімі
Loading...