ҚАЗАҚ ЭПОСЫНДАҒЫ ТАРИХИ ТҰЛҒА МЕН ЭПИКАЛЫ ҚАҺАРМАН (ЕДІГЕ ЖЫРЫ НЕГІЗІНДЕ)

ҚАЗАҚ ЭПОСЫНДАҒЫ ТАРИХИ ТҰЛҒА МЕН ЭПИКАЛЫ ҚАҺАРМАН (ЕДІГЕ ЖЫРЫ НЕГІЗІНДЕ)

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2026-1.11

Кілт сөздер:

фольклор, поэма жанры, қазақ эпосы, Едіге образы, мәдени код.

Аңдатпа

Мақалада батырлық эпостың аса көрнекті үлгісі болып саналатын қазақ эпосының, оның ішінде «Едіге жырының» тарихи негізі мен эпикалық қаһарманын анықтауға арналған. Зерттеуде жырдың тарихи оқиғалармен байланысы және оның әртүрлі нұсқаларындағы мазмұндық ерекшеліктері зерттеледі. Тарихи тұлғаның нақты тарихи бейнесі мен фольклорлық қаһарман ретіндегі көркем образы салыстырмалы түрде қарастырылады. Жырдағы тарихи дерек, аңыздық және мифтік элементтердің арақатынасы сараланады. Эпостың тарихи поэтикасы уақыт пен кеңістік сипаты, сюжеттік құрылымы және идеялық мазмұны тұрғысынан талданады.

Мақаланың негізгі мақсаты – «Едіге жырының» тарихи негізі мен нұсқаларын кешенді түрде талдау арқылы оның халықтың тарихи жадындағы, ұлттық сана мен мемлекеттілік идеяларын қалыптастырудағы орнын айқындау және  сол дәуірдегі эпикалық фольклорлық шығармаларды жан-жақты зерттеп, «Едіге» жырының идеялық-көркемдік ерекшелігін жалпытүркілік фольклорлық дәстүр аясында жүйелі талдау. Бұл мақсат жырдың поэтикалық құрылымы мен тарихи мазмұнын, сондай-ақ Едіге тұлғасының нақты тарихи бейнесі мен эпикалық образ арасындағы өзара байланысты ғылыми тұрғыдан саралауды көздейді. Зерттеу нәтижелері қазақ фольклорының тарихи дерек ретіндегі маңызын арттыруға және ұлттық эпикалық дәстүрді жаңаша тануға үлес қосады. 

Авторлар туралы мәліметтер

А.М. ТОЙБАЗАР, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

– PhD докторант

А.М. ТОЙБАЗАР, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

– PhD докторант

Талғат Тұрдәлі, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

– PhD докторант

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-31

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану
Loading...