ОТБАСЫ ДИСКУРСЫНЫҢ НЕГІЗІНДЕ БАЛАЛАРДЫҢ БОЙЫНДА ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
DOI:
https://doi.org/10.55808/1999-4214.2026-1.28Кілт сөздер:
ұлттық құндылықтар, отбасы құндылығы, отбасы дискурсы, коммуникативті мағына, сөйлеу актілеріАңдатпа
Отбасы адамның өмірінде рухани қажеттіліктерді қалыптастыру мен қанағаттандыруда, сондай-ақ адамның алғашқы әлеуметтенуінде ерекше рөл атқарады. Жұмыстың негізгі мақсаты - отбасылық дискурс контекстінде отбасылық құндылықтардың негізгі белгілерін анықтау. Мақалада отбасылық дискурс арқылы балалық шақтағы отбасылық құндылықтарды дамытудың маңыздылығы сипатталған. Отбасылық құндылықтарды жүзеге асырудағы балалардың жас ерекшеліктері көрсетіліп, балалардың қалыптасуындағы отбасының рөлі анықталды. Зерттеу отбасылық дискурсқа қатысты ғылыми көзқарастарға, принциптерге және теориялық тұжырымдарға негізделді. Мақалада мазмұнды талдау, синтездеу және сипаттау әдістері қолданылды.
Отбасылық құндылықтар мен дискурс теориясы бойынша еңбектерге теориялық толықтырулар дайындау зерттеу жұмысының ғылыми маңыздылығы болып табылады. Практикалық маңыздылығы: зерттеу нәтижелерін арнайы курстар бойынша лекцияларды әзірлеуде, оқу-әдістемелік кешендерді дайындауда пайдалануға болады.
Отбасы дискурсы түсінігіне сипаттама беріліп, оның мазмұнын анықтаудың басты себебі – отбасы мәселесі қоғам қызметіне дискурсивті әсер етуімен сипатталады. Халық мақал-мәтелдеріне сүйене отырып, отбасы құрылымының қалыптасу процесі дәйекті түрде негізделді, отбасының маңызды функционалдық параметрлері көрсетіліп, отбасылық құндылықтар тұжырымдалып, нақтыланды. Әдет-ғұрыптар, мақал-мәтелдер өз алдына тәрбиелік мән бермейді, ата-ана оларды отбасында жеке үлгі ретінде ұстанып, ондағы айтылған қағидалар мен ойларды дұрыс қолданғанда ғана тәрбиелік мәні болады. Кішкентай балалардың отбасылық құндылықтарды қабылдауының жас ерекшеліктері және отбасылық дискурстың балалардың мінез-құлқына әсері зерттелді.
