Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларындағы білім мен тәрбие құндылықтары

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы шығармаларындағы білім мен тәрбие құндылықтары

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.55808/1999-4214.2026-1.23

Кілт сөздер:

рухани құндылықтар, ұлттық құндылықтар, білім мен тәрбие құндылықтары, моральдық-әдеби қағидалар, ұлттық дәстүрдің тәрбиелік мәні.

Аңдатпа

Мақалада қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармаларындағы білім мен тәрбие құндылықтары жан-жақты талданады. Зерттеу барысында автор шығармалардағы педагогикалық идеялар, білімнің адам өміріндегі рөлі, моральдық-әдеби қағидалар мен ұлттық дәстүрдің тәрбиелік мәні қарастырылады. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының өлеңдері мен поэмаларында көрініс тапқан ақыл-кеңес, өмірлік даналық және оқуға, ғылымға деген қызығушылық жас ұрпақты тәрбиелеу тұрғысынан бағаланады. Мақаланың мақсаты – әдеби мұрадағы білім мен тәрбие идеяларын жүйелеу және олардың қазіргі заман педагогикасы мен ұлттық тәрбиедегі өзектілігін көрсету. Мақалада оның шығармаларында білім мен тәрбие, ақыл-парасат, моральдық қағидалар, ұлттық дәстүр мен салт-сананың көрінісі талданады. Зерттеу барысында автор Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармаларындағы білімге деген ерекше көңіл, ғылым мен оқуға шақыру, адамгершілікке баулу сияқты негізгі тақырыптарды қарастырады. Сондай-ақ ақынның өлеңдері мен шығармаларында көрініс тапқан өмірлік даналық, адамгершілік құндылықтар мен ұлттық тәрбие элементтері жүйелі талданады. Мақалада шығармаларды терең талдау арқылы олардың қазіргі замандағы тәрбиелік рөлі мен педагогикалық мәні ашылады. Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының әдеби мұрасы – тек көркем сөз өнері ғана емес, сонымен бірге ұлттық тәрбиенің, мәдениеттің, адамгершілік пен парасаттылықтың қайнар көзі болып табылады. Мақалада білім мен тәрбие идеяларының әдеби шығармалар арқылы ұрпаққа қалай жеткізілетіні, олардың қазіргі қоғамдағы педагогикалық құндылығы, рухани-адамгершілік тәрбиедегі рөлі зерттеледі. Сонымен қатар, жұмыста ақынның шығармашылығындағы білім мен тәрбие тақырыптарының жүйелі түрде талдануы олардың заманауи оқу-тәрбие үдерісінде қолдану мүмкіндіктерін ашады. Мақала Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармалары арқылы ұлттық құндылықтарды сақтап, ұрпаққа жеткізудің маңызды аспектілерін көрсетеді және әдеби мұраның тәрбиелік мәнін ғылыми тұрғыдан бағалауға мүмкіндік береді.

Автор туралы мәліметтер

Айгүл Нұрбанова, Торайғыров университеті

– PhD докторант

Жүктеулер

Жарияланды

2026-03-31

Журналдың саны

Бөлім

Әдебиеттану
Loading...